Зертхана қызметкері

Өткен тәулікте Қазақстанда 692 адамның індет жұқтырғаны расталды

50
Бүгінге дейін республика бойынша коронавирус дертіне шалдыққандар саны 208 809 адамға жетіп, 192 733 науқас жазылып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 692 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.

"Коронавирус жұқтырғандардың ең көбі – Алматы қаласында (111) тіркелді. Одан кейінгі науқастардың көбісі Павлодар облысы (93) мен Шығыс Қазақстан облысында (82) анықталды", – делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 60,
  • Алматы қаласы - 111,
  • Шымкент қаласы - 6,
  • Ақмола облысы - 65,
  • Алматы облысы - 36,
  • Атырау облысы - 28,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 82,
  • Жамбыл облысы - 10,
  • Батыс Қазақстан облысы - 45,
  • Қарағанды облысы - 35,
  • Қостанай облысы - 67,
  • Қызылорда облысы - 9,
  • Павлодар облысы - 93,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 40,
  • Түркістан облысы - 5.

Жалпы, республика бойынша коронавирус дертіне шалдыққандар саны 208 809 адамға жетіп, 192 733 науқас жазылып шықты. 2 540 пациент қайтыс болды.

50
Кілт сөздер:
қайтыс болды, емделу, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2140)
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавируспен күресте пайдалы алты өнімді атады
Ғалымдар коронавирусты жоятын Қазақстанда қолжетімді өсімдікті атады
Ғалымдар коронавирустың "британдық" штаммын анықтайтын алғашқы тест әзірледі
Ғалымдар коронавирустың түсін анықтады
Ғалымдар коронавирус бар-жоғын 10 секундта анықтайтын құрылғы ойлап тапты
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев ауыл мұғаліміне хат жазды

240
Тәжірибелі оқытушы зейнетке шыққаннан кейін Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорын басқарған, қор көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үштөбеде тұратын білім саласының ардагерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы құттықтау хатты 74 жастағы орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Валентина Спиридоноваға жолдады.

Валентина Григорьевнаның педагогикалық қызметі 1963 жылдан басталады. Спиридонова 1995 және 2009 жылдар аралығында Кемел Тоқаев атындағы жалпы білім беретін мектепті басқарған.

"Құрметті Валентина Григорьевна! Сізді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Көктемнің сұлулық пен нәзіктік мерекесінде мейірімділігіңіз, түсіністігіңіз бен жемісті еңбегіңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Әр күн сізге және жақындарыңызға қамқорлық пен махаббат сыйласын. Зор денсаулық, жан тыныштығы мен бақыт тілеймін", - деп жазды Тоқаев өз құттықтауында.

Президенттің құттықтау хатын Алматы облысының әкімі Амандық Баталов табыстады. Өңір басшысы да блім саласының ардагерін 8 наурызбен құттықтады.

Валентина Спиридонова и Амандык Баталов
© Photo : Акимат Алматинской области
Валентина Спиридонова мен Амандық Баталов

"Мен ауыл мұғалімімін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысбастылығына қарамастан мені және біздің мектепті ұмытпайтыны қатты қуантады. Оған үлкен алғысымды айтамын. Қазақстанымыз әрқашан гүлдене берсін",  - деді Валентина Спиридонова.

Ардагер педагог "Алтын барыс", "Ыбырай Алтынсарин", "ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төс белгілерімен, сондай-ақ "Шапағат" медалімен марапатталған.

Зейнетке шыққаннан кейін 2009 жылы Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорын басқарды. Қор көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсетеді. Соңғы бірнеше жылда отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына елуден астам грант ұсынған.

240
Кілт сөздер:
Халықаралық әйелдер мерекесі, мұғалім, Қасым-Жомарт Тоқаев
Алматы әуежайында жолаушыларды тексеру

Қазақстан ПТР-тест тапсырмаған жолаушылар үшін 2 млн теңге төлейді

30
Сенбі күні ел аумағына 307 азамат анықтамасыз келді, қазір олар коронавирусқа тест тапсырып, карантиндік стационарда нәтижесін күтіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. 6 наурызда Қазақстанға Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Қазақстан аумағына 2 561 жолаушы ұшып келді. Оның ішінде 2 254 адамның теріс нәтиже көрсетілген ПТР анықтамасы бар. 307 азамат анықтамасыз келген. Олар COVID-19 инфекциясына тест тапсырып, карантиндік стационарда нәтижесін күтіп отыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар туралы мәлімет жарияланды

Бұған дейін 3 наурыздан бір ПТР-тестке мемлекеттік зертханалар жеті мың теңге (17 долларға жуық) жұмсайтыны хабарланған еді. Бұл бағаға қонақ үй мен тамақтандыру төлемі кірмейді.

307 жолаушы үшін билік 2 149 000 теңге төлейді.

5 наурызда шет елдерден 316 қазақстандық анықтамасыз ұшып келді. Барлығында ПТР-тест теріс нәтиже көрсетті.

30
Кілт сөздер:
анықтама, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2140)