Аяқ киім

Ашуға булыққан алматылықтар шенеунікті батпақтың үстімен сүйрей жөнелді

6516
(Жаңартылды 10:12 23.02.2021)
Жауапкершілікті бір-біріне ысырған басшылық ақыры батпаққа қатысты пікір білдірді. Айтуларынша, құбырды салған бойда жолды тегістетіпті. Бірақ солай деп айтуы мұң еді, жұрт шулап қоя берді

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Алматы тұрғындары әкімнің отставкаға кетуін талап етті. Өйткені белуардан балшық кешіп жүрген жұрттың басқа амалы жоқ. Алғабас ауылы қала аумағына кірген кезде су құбырын жүргізу жұмысы басталған. Содан бері үш жыл өтсе де құрылысы аяқталмаған көшедегі батпақтан қазір аяқ алып жүру мүмкін емес, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қалаға қарайтын ықшамаудан тұрғындары өздерін қала тұрғынымыз деп айтуға ұялады. Үш жыл қатарынан аяғынан резеңке етік шешпеген алғабастықтардың шыдамы шегіне жетті.

"Жүру мүмкін емес! Міне, аяғымыз, түріміз! Күнде жұмысқа барып  қайтудың өзі қиын боп кетті! Не сұмдық! Шыдамның да шегі бар! Біз не істеуіміз керек", – дейді Серікқазы Рахматулла.

Тұрғындардың айтуынша, былық шенеуніктер құбыр салғаннан басталған. Қармен бірге қазылған жер де еріп, айнала адам жүргісіз ми батпаққа айналады. Халық талай мәрте әкімдікке шағымданып барған. Алайда уәде берген әкімді сол күйі таппай қалады.

"Құдай үшін, әкімді емес, жолды ауыстырсыншы! Әкімді ауыстырып жібереді, болды, сонымен қалады. Жылда айтады, "ой, жасаймыз, нәтиже шығарамыз" деп. Бірақ жасалған жол жоқ", – дейді тұрғындардың бірі Бақытбек Әсемжанов.

Әкім өзі келмей, орынбасарын жіберген

Батпаққа батқан ауылдың жайын өз көзімен көрсін деп, алғабастықтар аудан басшылығын арнайы кездесуге шақырған. Алайда әкім өзі келмей, орнына орынбасарын жіберіпті. Ал ол өз кезегінде халықпен сөйлессін деп орнына басқа адамды алып келген.

"Тапсырыс беруші - осы энерготиімділік басқармасы. Қаражатты бөлетін Алатау ауданы әкімдігі емес, осы басқарма. Мен сондықтан осы құзырлы мекеме жауап берсін деп шақырдым", – деді Алатау ауданы әкімінің орынбасары Бектас Сәбитов.

Жауапкершілікті бір-біріне ысырған басшылық ақыры батпаққа қатысты пікір білдірді. Айтуларынша, құбырды салған бойда жолды тегістетіпті. Бірақ солай деп айтуы мұң еді, жұрт шулап қоя берді.

Осылай деп жұртшылықты сендірмек болған әкім орынбасары бар пәлені өз аузынан тапты. Шенеуніктердің жалған сөзіне шыдамаған халық туфли мен италиялық қымбат брендті күрте киіп келген шенеунікті батпақтың үстімен сүйрей жөнелді.

Оқи отырыңыз: Изоляторда отырған атыраулық шенеунік халыққа үндеу жасады

Үсті-басы былғанған әкім орынбасары ақыры тұрғындардан қашып тынды. Ал құбыр салуға тапсырыс берген басқарма өкілдері наурыз айының соңына дейін асфальт салуды бастауға уәде берді. Ал оған дейін Алғабас тұрғындарына батпақ кешіп жүре тұруына тура келеді.

6516
Кілт сөздер:
жолдар, Алматы
Тақырып бойынша
Маңғыстау облысында той өткізген шенеунік жазаланады
"Қазақшаң қалай, шенеунік?": Қазақстанда тағы бір тест жүйесі жасалды
Шенеунік мектеп құрылысына бөлінген 60 млн теңгені ұрлаған –  сот үкімі шықты
Қазақстандық шенеунік қызметке тағайындау үшін 2 млн теңге пара алды
Шымкенттік шенеунік Қазақстан азаматтығынан айырылды
Медицина қызметкері

Қазақстандағы COVID-19: Нұр-Сұлтан мен Алматыда вирус жұқтырғандар көбейді

22
(Жаңартылды 10:35 06.03.2021)
Өткен тәулікте елде коронавирусқа шалдыққандар санының үштен бір бөлігі екі мегаполисте тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 832 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 136,
  • Алматы қаласы - 135,
  • Шымкент қаласы - 13,
  • Ақмола облысы - 59,
  • Ақтөбе облысы - 35,
  • Алматы облысы - 51,
  • Атырау облысы - 44,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 50,
  • Жамбыл облысы - 19,
  • Батыс Қазақстан облысы - 69,
  • Қарағанды облысы - 40,
  • Қостанай облысы - 57,
  • Қызылорда облысы - 5,
  • Маңғыстау облысы - 7,
  • Павлодар облысы - 75,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 28,
  • Түркістан облысы - 9.

Пандемия басталғалы жалпы ел бойынша ауырғандар саны 217 299 адамға жетті.

22
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Әлем халқының небәрі 10 процентінде коронавирусқа қарсы антидене бар – ДДҰ
Астанада коронавирусқа кімдер жиі шалдығатыны анықталды
Коронавирусқа қарсы вакцина бедеулікке ұшыратпайды
Ғалымдар коронавирустың "британдық" штаммын анықтайтын алғашқы тест әзірледі
Ғалымдар коронавирустың түсін анықтады
Қол мен компьютер

Қазақстанда алғаш компьютерлік ҰБТ-ға тіркелу басталды

2850
(Жаңартылды 21:38 05.03.2021)
Грантқа түсу үшін тестілеу сәуір-маусым аралығында өтеді. Екі тегін тест болады. Ал наурыз айындаға компьютерлік форматтағы ҰБТ ақылы бөлімдерге түсу үшін арналған

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз — Sputnik. Қазақстанда алғаш рет компьютерлік форматта өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелу басталды, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов.

"Достар, наурызда өтетін ҰБТ-ға тіркелу: 4 наурыздан бастап app.testcenter.kz сілтемесі арқылы жүргізілуде. Еліміздегі карантиндік шектеулерге сәйкес, тестілеу тізіммен өткізіледі", - деді ол.

Тестілеу 10 наурыз бен 10 сәуір аралығында өткізіледі. Құны - 2 242 теңге. Наурыздағы ҰБТ сертификатымен жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсуге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ұлттық тестілеу орталығы (@testcenterkz)

Тіркелу барысында ҰБТ өткізу пунктінің қайсы жұмыс істейтіні көрсетіледі.

Бұған дейін Дидар Смағұлов қазақстандық түлектер ҰБТ-ны үш рет тапсырып көре алатынын хабарлаған болатын. Бір рет ақылы, ал қалған екі рет тегін.

Грантқа түсу үшін тестілеу сәуір-маусым аралығында өтеді. Екі тегін тест болады. Ал наурыз айындағы компьютерлік форматтағы ҰБТ ақылы бөлімдерге түсу үшін арналған. Оған түлек өз қалауымен қатыса алады.

2850
Тақырып бойынша
"Құпия емес": сарыағаштық түлек ҰБТ-да 140 ұпайды қалай жинағанын айтты
ҰБТ-2020: 138 балл жинаған ауыл баласы тестті қалай тапсырғанын айтты
Таразда түлектер кортежіне қатысқан жүргізушілер жазаланды
ҰБТ-да 138 балл жинаған түлек грантынан айырылып қалды
ҰБТ-2021: биылғы жылдан бастап не өзгереді
Коронавирус пандемиясы

ДДҰ пандемия қашан аяқталатынын болжады

537
(Жаңартылды 12:45 06.03.2021)
Қазіргі уақытта вирусты анықтауға арналған диагностикалық бағдарламалар мен вакцина бар, деді ұйымның бөлім басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз — Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық бөлімінің басшысы Ханс Клюге COVID-19 пандемиясының аяқталу уақытына қатысты болжам жасады.

"2021 жыл да коронавирус жылы болады. Алайда бұл жолы алдағы жағдайға болжам жасап, басқару мүмкіндігі жоғары. 2020 жылы terra incognita, яғни ғылыми, саяси белгісіздік жағдайын бастан кешірдік. Бір жылдан соң вирус жайлы біраз нәрсе білдік. Диагностикалық бағдарламалар мен вакцина бар", - деді ол Welt басылымының хабарлауынша.

Клюге бәрін алдын ала жоспарлау маңызды екенін атап өтті. Сондықтан келер жылдың басында пандемия аяқталуы мүмкін деп отыр.

"Бұл вирус жойылады деген сөз емес. Бірақ ол кезде ешбір араласу қажет болмайды", - деді ол.

Оның айтуынша, бай өңірлер ғана вакцина салдырып, өзгелері бұл науқаннан тыс қалып қоймауы керек деген ойда.

Сондай-ақ мемлекеттердің шектеуді алуына қатысты да пікір білдірді. Олар тым жылдам алынса, бастапқыдағы жағдай қайталануы ықтимал деген алаңдаушылығын жеткізді.

Еске сала кетсек, өткен жылдың 11 наурызында дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-ды пандемия деп атады. Елдер қатаң карантин енгізді, шекаралар жабылды. Қазір жағдай біртіндеп жақсарып келеді. 

537
Кілт сөздер:
коронавирус, ДДҰ
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Әлем халқының небәрі 10 процентінде коронавирусқа қарсы антидене бар – ДДҰ
Астанада коронавирусқа кімдер жиі шалдығатыны анықталды
Коронавирустың бірден екі штаммын жұқтырған адам анықталды
Жұрт коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырудан неге қорқады
Ғалымдар коронавирустың түсін анықтады