Көпқабатты тұрғын үй

Қазақстанда тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы іске қосылады

86
Министрлік жеке тұрғын үй қорының жалдау ақысының 21 айлық есептік көрсеткіш мөлшерін субсидиялауды ұсынып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Қазақстанда тұрғын үй қорын басқаратын Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, жалдау ақысын субсидиялау тетігін іске асыру үшін "Отбасы банктің" өкілеттіктері күшейтіледі.

"Бұл механизмде жалға берілетін тұрғын үй пулдарын қалыптастыратын, тұрғын үй қорын басқаратын және жалға алушылармен шарт жасасатын Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторын іске қосу ұсынылады", – деді Атамқұлов үкімет отырысында.

Министрлік жеке тұрғын үй қорының жалдау ақысының 21 АЕК (Нұр-Сұлтан қаласы үшін – 31 АЕК) мөлшерін субсидиялауды ұсынып отыр.

Оқи отырыңыз: Баспана алуға арналған бағдарламалар: мамандар жиі қайталанатын қателікті атады

Айта кетейік, бұған дейін Бейбіт Атамқұлов азаматтар мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына тек бір-ақ рет қатыса алатынын мәлімдеген еді.

86
Кілт сөздер:
тұрғын үй бағдарламалары, баспана
Тақырып бойынша
2021 жылы салымшылар зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алуға пайдалана алады
Зейнетақы жинағына баспана алу шарттары белгілі болды
Мемлекет арендалық баспана ақысын қалай төлейді?
Бірнеше бағдарлама бар – баспана алудың тиімді шарттары қандай
"5-10-20" және "7-20-25" бағдарламалары бойынша қалай баспана алуға болады
Медицина қызметкерлері

Қазақстан медицина қызметкерлері күнін атап өтіп жатыр

9
Қазақстанда жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері күні мерекеленеді

АЛМАТЫ, 20 маусым – Sputnik. Бүгін – Қазақстанда медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

Қазақстанда жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері күні мерекеленеді. Биыл бұл кәсіби мереке 20 маусымға түсті. Мереке Қазақстан президентінің жарлығымен 1998 жылы бекітілді.

Бұл күн өз кәсібін медицинамен байланыстырған, өзін адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға арнаған адамдардың кәсіби мейрамы. Әсіресе былтырдан бері Covid-19 инфекциясының таралуына байланысты медицина мамандарының қызметіне деген құрмет артты.

Мереке қарсаңында Нұр-Сұлтанда дәрігерлердің аллеясы ашылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Дәрігерлер аллеясындағы" "Алтын жүрек" ескерткішінің ашылуына қатысты.

"Дәрігерлер әрбір науқастың дертіне шипа іздеп, күндіз-түні жұмыс істеп жүр. Пандемия кезінде талай адамды өлім аузынан арашалап қалды. Дертіне дауа тапқан мыңдаған отандасымыз, бүкіл халқымыз ақ халатты абзал жандарға қарыздар. Сондықтан олар қандай құрметке де лайық",- деді президент ескерткіштің ашылу рәсімінде.

Тағы оқыңыз: Тоқаев кімдердің еңбекақысы кезең-кезеңімен көбейтілетінін айтты

Сондай-ақ президент медицина қызметкерлерінің қоғамдағы мәртебесін арттыру үшін "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері" атағын енгізуді ұсынды. Атақпен бірге материалдық сыйақы да беріледі.

Айта кетейік, Қазақстанда қазір 260 мыңға жуық медицина маманы, оның ішінде 75 мыңнан астам дәрігер мен 185 мың орта медициналық қызметкер жұмыс істейді.

Біздің елімізде күн сайын 2 мыңнан астам операция жасалады, мыңнан астам адам босанады, емханаларда 420 мыңнан астам адамға және 18 мың жедел жәрдем шақыруларына қызмет көрсетіледі.

Елдің стратегиялық ресурсы

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медицина мамандарының кәсіби мерекесі қарсаңында медицина қызметкерлерін еліміздің стратегиялық ресурсына балап, Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы артып, туу көрсеткіші өсіп жатқанын айтты.

"Осы жетістіктердің әрқайсысының артында медицина қызметкерлерінің үлкен еңбегі тұр. Пандемия бізді көптеген құндылықтарды қайта қарауға мәжбүр етті, әсіресе ақ халаттағы адамдарға деген көзқарасты өзгертті. Олар екі жыл бойы көрінбейтін жаумен күресіп, әр науқастың өмірін сақтау үшін өз денсаулығына қауіп төндіреді", - деді Цой.

Аурудан сауыққандар артында пандемиямен күресте мыңдаған медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегі жатыр, деп толықтырды ол.

9
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, дәрігерлер, медицина
QazVAC вакцинасын әзірлеушілер марапатталды

QazVAC вакцинасын әзірлеушілер марапатталды

66
Қазақстанда медицина қызметкерінің күні биыл 20 маусымға сәйкес келіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Үкімет QazVAC отандық вакцинасын әзірлеушілерге екі арнайы марапат табыс етті.

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медицина қызметкерлерін марапаттады.

"Премьер-министрдің орынбасары QazVAC қазақстандық вакцинасын әзірлеушілерге екі арнайы марапатты табыс етті", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Цой атап өткендей, коронавируспен күреске жұмылдырылған дәрігерлерге төлем жасау жалғасады.

"Медицина қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін күшейту және сақтау мақсатында кәсіби даму үшін ынталандыру пакеті, әлеуметтік қолдаудың бірыңғай стандарты, медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау жүйесі әзірленіп, енгізіледі", - деді министр.

Оқи отырыңыз: Тоқаев дәрігерлерге арналған "Алтын жүрек" ескерткішін ашты

Айта кетейік, Қазақстанда маусымның әр үшінші жексенбісі Медицина қызметкерінің күні аталып өтеді. Биыл мереке 20 маусымға сәйкес келеді.

66
Кілт сөздер:
марапат, вакцина
Тақырып бойынша
Екінші қазақстандық вакцинаның сынағы басталады: еріктілерге қанша теңге төленеді
Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды – елде не өзгерді
Қазақстан ислам елдеріне QazVac вакцинасын тегін жіберуге дайын – Тоқаев
Тоқаев халықты вакцинаны белсенді түрде салғызуға шақырды
Қуат Хамитов

Қуат Хамитов қарсыласын буындыру әдісімен жеңді толық видео

0
Кештің басты кешінде Хамитов украиналық файтерді бірінші раундта-ақ жеңді. Желіде жекпе-жектің толық видеосы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (23-6-2) Атырауда өткен Mergen Fighting Championship 1 аралас жекпе-жек турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде Хамитов украиналық Роман Головиновпен (10-5) кездесті. Отандасымыз қарсыласын бірінші раундта буындыру әдісімен жеңді.

Қуат Хамитов үшін бұл кәсіби мансабындағы 23-ші жеңіс болса, Роман Головинов бесінші рет жеңіліс тапты.

Айта кетсек, Хамитов биыл қаңтарда ресейлік Максим Пантелеевпен (0-1) кездесіп, оны небәрі 49 секундта нокаутқа жіберген еді.

0
Кілт сөздер:
видео, аралас жекпе-жек, Қуат Хамитов
Тақырып бойынша
Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтты
Қуат Хамитов Алтынбекова жайлы: оған сол қажет болды
Қуат Хамитов партия құратынын мәлімдеді
Қуат Хамитов қарсыласын небәрі 50 секундта нокаутқа түсірді - жекпе-жек видеосы