СҚО су басқан елді екен

Көктемде 276 елді мекенді су басуы мүмкін ТЖ министрі

815
Министр солтүстік және орталық өңірлердің әкімдіктері елді мекендерден қар шығару жұмысын жандандыру қажет екенін ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Қазақстанда көктемгі су тасқыны кезінде 276 елді мекенді су басуы мүмкін. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрлік әкімдіктермен бірлесіп 2017 жылы ел бойынша көктемде су басуға неғұрлым бейім 905 елді мекенді анықтады. Ал су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі жол картасын іске асыру аясында үш жыл ішінде 315 елді мекеннің су астында қалуына жол берілмеді және тағы да 314 ауылда қауіп-қатер барынша азайтылды.

"Қазір су басу қаупі бар аймақта республика бойынша 276 елді мекен қалып отыр, бұл 270 мыңнан астам адам. Оларды су тасқынынан қорғау үшін 2023 жылға дейінгі жаңа жол картасы бекітілді. Оны іске асыруға республикалық  және жергілікті бюджеттерден 160 миллиард теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр", – деді Ильин үкімет отырысында.

Министр өңірлерде алдағы су тасқынына қарсы дайындық қалай жүргізіліп жатқанына тоқталды.

Айтуынша, жанар-жағармай (3,2 мың тонна), инертті материалдар (224,3 мың тонна) мен құм салынған қаптардың (886 мың дана) қоры қалыптастырылды.

Шұғыл шығындарға да төтенше резерв көзделіп, шамамен 38 миллиард теңге алдын ала салынған.

Саны 38 мың адамнан асатын азаматтық қорғау құралымдары, 13 мың бірлік техника, 500-ден аса жүзу және 2 500-ден аса су сору құралы айқындалды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда тасқын судың есебінен электр энергиясы арзандауы мүмкін

Елді мекендерден қар шығару жұмыстары жалғасуда, бүгінде 13 миллион текше метрден астам қар шығарылған.

Ильин солтүстік және орталық өңірлердің әкімдіктері елді мекендерден қар шығару жұмысын жандандыру қажет екенін ескертті.

815
Кілт сөздер:
су тасқынының алдын алу, су тасқыны
Тақырып бойынша
Батыс Қазақстанда 70 миллион теңгеге салынған жаңа бөгетті тасқын су бұзып кетті
Бағасы 124 миллион теңге: полицейлер су шашатын көлікті сатып алу себебін түсіндірді
Ауылдағы ауыз су бағасы өзгереді – заң президентке жіберілді
Нөсер жаңбырдан кейінгі тасқын су әйел адамды ағызып әкетті – жантүршігерлік видео
Өскеменде көшенің бірін су басты – видео
Архивтегі фото

Үнді штаммы: Нұр-Сұлтан мен Алматыда 700-ге жуық науқас анықталды

16
(Жаңартылды 09:23 25.06.2021)
Бір тәулікте Нұр-Сұлтанда 568, Алматыда 181 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1445 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Айта кетейік, бір күн бұрын 1496 науқас тіркелген болатын.

Өңірлердегі статистика:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 506,
  • Алматы қаласы - 181,
  • Шымкент қаласы - 50,
  • Ақмола облысы - 33,
  • Ақтөбе облысы - 29,
  • Алматы облысы - 37,
  • Атырау облысы - 61,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 87,
  • Жамбыл облысы - 31,
  • Батыс Қазақстан облысы - 70,
  • Қарағанды облысы - 147,
  • Қостанай облысы - 34,
  • Қызылорда облысы - 31,
  • Маңғыстау облысы - 41,
  • Павлодар облысы - 49,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 25,
  • Түркістан облысы - 33.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 414 712. 

Еске сала кетейік, бұған дейін сынама алынған Нұр-Сұлтандағы науқастардың жартысы коронавирустың үнді штаммын жұқтырғаны белгілі болды. Сондай-ақ, "Дельта" штаммы Алматыда 11 адамнан анықталды.

Осыған байланысты елордада қосымша шектеулер енгізілді. Не өзгергені туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.  

16
Кілт сөздер:
Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Ақорда

Ақорда ұрланған бюджет қаражаты көлеңкелі айналымға түсетінін хабарлады

71
(Жаңартылды 22:24 24.06.2021)
Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым - Sputnik. Мемлекеттік хатшы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысын өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиында тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қабылданған шаралардың қазіргі ахуалы талқыланды.

Комиссия төрағасы мемлекеттік сатып алулардың тиімді жұмыс істеуі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге, отандық салаларды дамытуға және ұлттық тауар өндірушілердің өнімдерін қолдауға ықпал ететінін атап өтті.

"Аталған салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары екені, мұндай жағдай рәсімдік және қаржылық тәртіп бұзушылықтар, бюджет қаражатын ұрлау және өзге де теріс мақсаттағы іс-әрекеттер кезінде орын алатыны айтылды", - делінген хабарламада.

Отырыс барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында бұл жұмыстарды электрондық тәсілмен өткізуді қолдағаны жайында баяндалды. Қабылданып жатқан шаралар бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға, әлеуетті өнім берушілердің сатып алуларға қатысу рәсімін оңайландыруға, құжаттардың электрондық депозитарийін енгізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ биыл мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу туралы" заңы қабылданды. Президенттің отандық бизнестің сатып алуларға толыққанды қолжетімділігін қамтамасыз етуге, бір көзден сатып алуды қысқартуға, олардың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға қатысты заңнаманы жетілдіру жөніндегі тапсырмалары орындалып жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қаржылық мониторинг агенттіктерінің, бас прокуратураның, "Атамекен" ҰКП, қаржы, денсаулық сақтау министрліктерінің басшылары, сондай-ақ, бірқатар өңірлердің әкімдері сатып алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық пен басқа да тәртіп бұзушылықтарды ашу және жою, кінәлі азаматтарды заңнамада белгіленген жауапкершілікке тарту жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндады. Бұл ретте мұндай құқық бұзушылықтардың басым бөлігі құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында болатыны, ал ұрланған бюджет қаражаты көлеңкелі айналымға түсетіні туралы айтылды.

Оқи отырыңыз: Мемлекеттік сатып алуға қатысатын компаниялар үшін не өзгереді – сенат заң қабылдады

Жиында президенттің көмекшісі – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ә.Исекешев мемлекеттік сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Сонымен қатар комиссияда кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау үшін атқарылып жатқан жұмыстар, сатып алу бағаларын асыра көтеру, төленген салықтар туралы мәліметтерді құбылту, мемлекеттік сатып алу порталының тиісті деңгейде қызмет атқармауы, кінәлі адамдардың өз дәрежесінде жауапқа тартылмауы секілді мәселелерді қарастырды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік хатшы бірқатар нақты тапсырма беріп, олардың орындалуы бақылауда болатынын айтты. Қаржы министрлігіне комиссияның мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ететін ұсынымын әзірлеу тапсырылды.

71
Кілт сөздер:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, бюджет, Ақорда