Қоғам

Байқоңырда бала жоғалды: алаяқтар желіде ақша жинап жатыр

© AFP 2024 / CatherineRТень подростка, иллюстративное фото
Тень подростка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2021
Жазылу
Әлеуметтік желіде Қызылорда облысында жоғалған баланың іздеу жұмыстарына, сүңгуірлердің қызметін төлеу үшін ақша жиналып жатқаны туралы ақпарат тарап жатыр

АЛМАТЫ, 23 ақпан – Sputnik. Әлеуметтік желіде алаяқтар Байқоңыр қаласында жоғалып кеткен баланың іздеу жұмыстарына ақша жинап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Әлеуметтік желіде Қызылорда облысында жоғалған баланың іздеу жұмыстарына, сүңгуірлердің қызметін төлеу үшін ақша жиналып жатқаны туралы ақпарат тарап жатыр. Қазақстанның төтенше жағдай министрлігі ресми түрде бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдейді. Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті өткізетін барлық іздестіру-құтқару іс-шараларына мемлекет тарапынан қаражат қарастырылған", - деп атап өтті төтенше жағдай министрлігінің өкілі.

Сондай-ақ, азаматтардан жалған ақпаратқа сенбеуді және алаяқтарға ақша аудармауды сұрады.

Айта кетейік, 20 ақпанда Байқоңырда сегіз жастағы екі бала жоғалып кетті. Бір күннен кейін бір баланың денесі Сырдария өзені бойынан табылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Сот-медициналық сараптама өлімнің себебі суға батқан кезде тыныс алу жолдарының жабылуы салдарынан пайда болған механикалық асфиксия екенін көрсетті. Ерхан Анасқа қатысты зорлық әрекеті жасалғанын куәландыратын дерек жоқ екені айтылды.

Қазір жоғалып кеткен екінші оқушы Нұрәли Оразбаевты іздеуге 500-ге тарта жергілікті тұрғын атсалысып жатыр. Сонымен қатар қазақстандық құтқарушылардың Ресей төтенше жағдай министрлігі қызметкерлері, полициясымен бірлесе іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жаңалықтар
0