Құжат, архивтегі сурет

Полицейлер құжатсыз жолға шыққан жүргізушілерді қамауға алуы мүмкін

11206
(Жаңартылды 10:23 24.02.2021)
Көлікті құжатсыз басқарған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Кей жағдайда көлік айып тұрағына қойылады

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik. Полицейлер жеке куәліксіз немесе жүргізуші құжатынсыз жолға шыққан жүргізушілерді қамауға ала алады. Көлік айып тұрағына қойылуы мүмкін.

Ішкі істер министрлігі Kolesa.kz сұрауына жауап берді.

"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 1-бөлігіне сәйкес, көлікті құжатсыз басқарған жүргізушілер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Егер жағдай бірінші рет тіркелсе, ескерту жасалады немесе 5 АЕК көлеміндегі (14 585 теңге) айыппұл салынады. Жүргізуші құжат мәліметін айтудан бас тартса немесе жалған ақпарат берсе, ІІБ қызметкерлері жүргізушіні қамауға ала алады. Мұндай жағдайда көлік айып тұрағына қойылады", - делінген жауапта.

Министрлік полицейлер құжатсыз жүргізушінің тұлғасы қандай жағдайда және қалай анықталатынын нақтыламады. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 785-бабында аты-жөнін анықтау үшін тәртіп бұзушыны ұстауға болатыны жазылған. Ал 789-бапқа сәйкес, оны 3 сағаттан артық қамауда ұстауға болмайды. 

Сондай-ақ, кодекстің 797-бабы бойынша полицейлер рөлге құжатсыз отырған жүргізушінің көлігін айып тұрағына жіберуге құқылы.

Еске сала кетсек, 2021 жылдың 13 ақпанынан бастап қазақстандықтарға техникалық төлқұжат пен жүргізуші куәлігінсіз жүруге рұқсат берілген болатын. Алайда жеке куәлік алып жүруі керек.

11206
Кілт сөздер:
көлік, жүргізуші, құжат, полицей
Тақырып бойынша
Бүгіннен бастап жүргізуші куәлігін ұстамауға болады – маңызды 10 сұрақтың жауабы 
Қарағандыда прокурордың орынбасарын қағып өлтірген такси жүргізуші сотталмайды
Енді полиция жүргізуші куәлігін сұрамайды – сенат заңды Тоқаевқа жіберді
Алматы орталығында жүргізуші танысына оқ атты
184 рет жылдамдық асырған: Қостанайда ресейлік жүргізуші ұсталды
Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтан коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа кірді

1660
Қазақстан астанасы коронавирус бойынша "қызыл" аймақта 11 ақпаннан бері болған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан — Sputnik. Қазақстанда коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың мартицасы жаңартылды.

28 ақпандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан "қызыл" аймаққа кірді, бұған дейін қала "сары" аймақта еді.

"Сары" аймақтағы өңірлер – Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары.

Қалған өңірлер "жасыл" аймақта – Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Шымкент пен Алматы қалалары.

Матрицаға сәйкес, Қазақстан "жасыл" аймақта тұр.

Оқи отырыңыз: ДДҰ COVID-19 пандемиясының аяқталу мерзімін атады

 

1660
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, коронавирус
коронавирус

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 15 адам қайтыс болды

28
(Жаңартылды 11:14 28.02.2021)
Қазақстанда өткен тәулікте 791 адамнан коронавирус табылды, 58 адам пневмонияға шалдықты

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 15 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте 13 адам коронавирустан, 2 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.

28 ақпандағы мәлімет бойынша, 20 280 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 4 483 науқас стационарда, 15 797 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

249 науқастың жағдайы ауыр, 52 адамның жағдайы аса ауыр деп бағаланды. 42 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Өткен тәулікте 791 адамнан коронавирус табылса, 58 адам пневмонияға шалдыққан. 

Пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирустан 2 756 адам, пневмониядан (тамыз айынан) 622 науқас қайтыс болды. 

 

28
Газовое отопление в доме в Туркестане, где погибли пять человек

Ұйықтап үлгермеген: полиция Түркістандағы қайғылы жағдай қалай болғанын айтты

0
(Жаңартылды 13:08 28.02.2021)
Отбасы өз меншігіндегі үш бөлмелі үйде тұрып жатқан, оның жанында үлкен үйдің құрылысы жүріп жатыр

АЛМАТЫ, 28 ақпан –  Sputnik. Түркістан қаласында иіс тиіп қайтыс болған бес адамның денесін отбасының таныстары тапқан. Әйел 27 ақпанда жұмысқа шықпаған соң әріптесі іздей бастайды. Полицияның хабарлауынша, қайғылы жағдай 26 ақпан кешкі сағат жетілер шамасында болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Аталған жайт туралы хабарлама 27 ақпан күні кешке 18:12-де түсті. 26 ақпан күні кешке дейін Болатова Гүлназ базарда жұмыс істеген. Оның базарда бірге істейтін әріптесі 27-сі күні жұмысқа шықпаған соң іздеп, түсте үйіне баласын жіберген. Баласы үйінде ешкім жоқ деп қайтып келген соң, жұмыстан кейін күйеуін жіберген. Себебі ол жұмысқа келмеген, өздерінің кездесетін жоспары болған екен. Күйеуі үйдің терезесінен іште жарық жанып тұрғанын және әйелдің жатқанын көріп хабарлаған", - деді облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әбдуғани Сейдуәлиев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте.

Полицияның болжамына сәйкес, қайғылы жағдай әйел жұмыстан келген соң болды. Отбасы үш бөлмелі үйде тұрған.

"26 ақпанда ұйықтауға үлгермеген. Өйткені шешініп, төсекке де жатпаған. Кешкі уақытта пешті қосып, тамақтанып болған соң қайғылы жағдай болды деп болжап отырмыз. Әрқайсысы әр бөлмеде қимылдап жүріп, осы жағдайға тап болған. Байқамаған. Оқиға шамамен 26 ақпан кешкі сағат жеті-сегіз шамасында болды деп отырмыз. Оның дәл уақытын сараптама анықтайды", - деді Сейдуәлиев.

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбайдың айтуынша, отбасы өз меншігіндегі үйде тұрып жатқан. Уақытша үш бөлмелі баспанада тұрған, жанында үлкен үйдің құрылысы жүріп жатыр.

"Қаза болған азаматтардың денесі сот-медициналық сараптамадан өткізіліп, туыстарына табысталды. Жергеу орнына жеткізу үшін көліктер ұйымдастырылды. Қазір Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов жерлеу рәсіміне қатысып жатыр. Зардап шеккен отбасыға қаржылай көмек көрсетіледі", - деді Арман Жетпісбай.

Айтуынша, облыстағы мемлекеттік қызметкерлер отбасыға көмек ретінде бір күндік жалақысын беруге ниет білдіріп отыр.

"Бұл жерде ашық өрт шықпаған, мүлікке зиян келмеген. Бәрі орнында тұр. Сол себепті демеушілер арқылы 7 миллион теңге қаржылай көмек көрсетеміз деп отырмыз", - деді облыс әкімінің орынбасары.

Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға үй ішіндегі пеш себеп болған.

"Төтенше жағдай департаментіне 18:35-те жедел жәрдем бөлімінен хабарлама түсті. Түркістан қаласы Сұлтан Бейбарыс көшесінде орналасқан жеке үйден әйел мен төрт баланың денесі табылды. Жеке тұрғын үй табиғи газбен жабдықталған. Иран пешінің орнатылғаны анықталды. Алғашқы болжам бойынша иісті газбен уланып қайтыс болған", - деді облыстың төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов.

Айта кетейік, бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әбдуғани Сейдуәлиевтің айтуынша, ҚК 292-бабы 3-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша іс біріңғай тізілімге тіркелді.

"Қазір өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама белгіленді. Пештің талапқа сай немесе сай еместігін анықтау үшін сот-техникалық сараптама жасалады. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Сейдуәлиев.

Түркістандағы қайғылы жағдай

27 ақпанда Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен әйел мен төрт баланың мәйіті табылды. 40 жастағы әйел және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалары иіс тиіп қайтыс болды. Үйде газбен жылытатын жабдық қойылған. Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, ол емделу үшін Шымкент қаласына кеткен.

0