Қоғам

Шымкент әкімі пәтер конкурсының қорытындысы қашан шығатынын айтты

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуПәтер есігі
Пәтер есігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2021
Жазылу
Әйтеновтің айтуынша, бұл тізімге енбей қалғандар жылдың соңында өтетін конкурсқа қайта қатыса алады

АЛМАТЫ, 24 ақпан – Sputnik. Шымкентте жұмыс істейтін жастарға берілетін пәтер бойынша конкурс нәтижесі наурызда шығады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов халыққа есеп беру кезінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өткен жылы салынған 300 пәтерге конкурс жарияладық. Оған жастардың қатысуға мүмкіндігі бар. Қазірге дейін жастардың бәрі құжат тапсырды. 3000-нан астам құжат түсті. Шешімі наурыздың ортасына дейін шығады", – деді Әйтенов.

Әкімнің айтуынша, бұл тізімге енбей қалғандар жылдың соңында өтетін конкурсқа қайта қатыса алады.

"Биыл тағы 900 пәтер беру жоспарланып отыр. Қазір құрылысы жүріп жатыр. Жылдың соңына қарай 900 пәтерге қосымша конкурс өткізіледі. Жоспар бойынша биыл 1 200 азаматты қолжетімді пәтермен қамтамасыз етеміз", – деді қала әкімі.

Оқи отырыңыз: Бірнеше бағдарлама бар – баспана алудың тиімді шарттары қандай

Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 24 ақпанда онлайн форматта есеп беру кездесуін өткізді.

Жаңалықтар
0