Қоғам

"Кетпегенде қайтеді?": Тоғжанов оңтүстіктен солтүстікке көшетіндердің мәселесін көтерді

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуВокзалдағы жолаушылар, архивтегі сурет
Вокзалдағы жолаушылар, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2021
Жазылу
Тоғжанов еңбек министрі Серік Шәпкеновке барлық мәселені ескеріп, оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару тетіктерін қайта қарастыруды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов еңбек министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, адамдарды оңтүстіктен солтүстікке көшіру тетіктерін қайта қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Еңбек министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Тоғжанов "Еңбек" бағдарламасының іске асырылуына қатысты бірқатар ескерту жасады.

Айтуынша, оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныс аудару тетіктері әлі де әлсіз. Әсіресе, баспана, жер беру, жұмысқа орналастыру мәселелері халықты қанағаттандырмайды.

"Солтүстікке қоныс аударушылар саны әлі де тым аз. Мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарынан кейін азаматтарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру деңгейі төмен. Әртүрлі әңгіме айтылып жүр: адамдар солтүстікке барғанннан кейін субсидия алады, субсидия уақыты аяқталғаннан кейін, кетіп қалады дейді. Кетпегенде, ол не істеуі керек? Егер субсидия біткеннен кейін қаржы деңгейі төмен түссе", – деді вице-премьер.

Тоғжанов бұл мәселеде жұмыс берушілердің құлықты емес екендігін ашып айтты.

"Негізгі мақсат азаматтардың барлығын тұрақты жұмысқа тұрғызу болатын. Сондықтан оған тікелей жұмыс берушілер де жауап беруі керек", – деген вице-премьер жергілікті жердегі шенеуніктер де осыған жауапты болуы керек екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: "Кинодағыдай болды": Солтүстікке көшкен әйел қандай қиындық кездескенін айтты

Айта кетейік, Тоғжанов еңбек министрі Серік Шәпкеновке барлық мәселені ескеріп, оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару тетіктерін қайта қарастыруды тапсырды.

Жаңалықтар
0