Қоғам

Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік туралы заң әзірленеді

© Photo : пресс-служба сената парламента КазахстанаОтырыс, депутаттар
Отырыс, депутаттар - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2021
Жазылу
Бұған дейін мемлекет басшысы биологиялық қауіпсіздік туралы заң әзірлеу қажет екенін айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. 2021 жылы елде "Биологиялық қауіпсіздік туралы" заң әзірленеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді.

"Төтенше жағдай кезінде заманауи қорғаныс құралдарын енгізу және олардың терроризмге қарсы тұрақтылығын арттыру арқылы биологиялық қорғайтын жүйелерді жетілдіру қажет болды. Осыған байланысты 2021 жылы "Биологиялық қауіпсіздік туралы" заң әзірлеуіміз керек", - деді Цой.

Айтуынша, осы заңды іске асыру аясында бақылау жүйесін жетілдіру үшін халық денсаулығын бағалау, талдау және болжау жүйесін дамыту, сондай-ақ қатерлер мен тәуекелдерге ден қою үшін 38 нормативтік-құқықтық актіге түзетулер енгізу көзделіп отыр.

Тағы оқыңыз: Министр келесі жылдан бастап кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Бұдан бөлек, қызмет инфрақұрылымын жаңғырту және елдің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жалпы сомасы 55 миллиард теңгеге 2022–2025 жылдарға арналған қосымша қажеттілік есебі жүргізілді. Қызметті цифрландыру тұжырымдамасы әзірленді, оны 2025 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің инфрақұрылымын жаңғырту үшін 2,9 миллиард теңгеге 459 бірлік зертханалық жабдық және КВИ мен аса қауіпті инфекцияларды диагностикалау үшін 12 бірлік мобильді кешен сатып алынды.

Жаңалықтар
0