Қоғам

Алғашқы медициналық көмек: науқастар қандай қиындық көреді

© Sputnik / Абзал КалиевАуруханадағы кезек
Ауруханадағы кезек - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2021
Жазылу
Министрдің айтуынша, медициналық қызметтердің сапасы, ауруханадағы кезек, мамандар тапшылығы мәселесі әлі де шешілмей отыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудегі негізгі мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, қабылданып жатқан шараларға қарамастан алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуде әлі де бірқатар проблема бар.

"Мәселен, пациенттер деңгейінде: көрсетілетін қызметтердің сапасы, әлсіз коммуникация, мамандарға кезек, медициналық қызмет көлемінің жеткіліксіздігі, жоғары технологиялық және қымбат қызметтерге қолжетімділік, салалық мамандардың тапшылығы, халқы 300 мыңнан аспайтын ауылдарда дәріхана пунктері мен медициналық ұйымдарды дамыту қажеттілігі", - деді Цой үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ол алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейіндегі мәселелерге тоқталды.

Біріншіден, министрдің айтуынша, жан басына қаржыландыруды жетілдіру қажет.

Екіншіден, цифрландыру толығымен аяқталмаған, бүгінде аудандық деңгейден төмен медициналық ұйымдардың интернетпен қамтылу көрсеткіші 84,2%-ті құрайды. Сонымен қатар, медициналық ақпараттық жүйелер интеграцияланбаған.

Тағы оқыңыз: "Қолымыздан ештеңе келмеді": жедел жәрдем қызметкерлері карантинде қалай жұмыс істеді

Үшіншіден, кадрлық әлеует, әлеуметтік кепілдіктер жеткіліксіз, жалақы да төмен.

Төртіншіден, инфрақұрылым мен жабдықталу деңгейі әлсіз. Бірқатар шалғай ауылдарда алғашқы медициналық көмек нысандары тозған, кейбірінде тіпті жоқ.

"Жалпы республика бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының ғимараты 55%-ке тозған. Әсіресе, Ақмола облысында - 79 %, Солтүстік Қазақстан - 75 %, Шығыс Қазақстан – 71 %, Батыс Қазақстан – 69 %, Атырау - 65 %, Қызылорда облысында – 59 %", - деді Цой.

Айтуынша, 2020 жылы елде 197 амбулаторлық-емханалық ұйым салу жоспарланған. Алайда соның 63-і ғана бой көтерді, 134 нысан салынбаған.

Нысандардың медициналық техникамен жабдықталуы 76,6%-ті құрайды, оның 49%-і ескі.

Әсіресе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласында медициналық техникамен жабдықталу көрсеткіші төмен.

Жаңалықтар
0