Қоғам

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артты

© REUTERS / NIAID-IRFВид на зараженную коронавирусом клетку под микроскопом
Вид на зараженную коронавирусом клетку под микроскопом - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2021
Жазылу
Бір тәулік бұрын елде 658 адам індетке шалдыққаны хабарланған болатын. Ал екі күн бұрын көрсеткіш - 622 адам болды

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 717 адамнан ПТР арқылы коронавирус індеті анықталды.

Бір тәулік бұрын елде 658 адам індетке шалдыққаны хабарланған болатын. Ал екі күн бұрын көрсеткіш - 622 адам болды.

Өткен тәулікте Алматыда жүзден астам адам вирус жұқтырды. Алматыдан кейін коронавирусқа шалдыққандар саны бойынша Павлодар, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан антирейтинг басында тұр.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 68,
  • Алматы қаласы - 105,
  • Шымкент қаласы - 12,
  • Ақмола облысы - 69,
  • Ақтөбе облысы - 12,
  • Алматы облысы - 51,
  • Атырау облысы - 35,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 49,
  • Жамбыл облысы - 9,
  • Батыс Қазақстан облысы - 64,
  • Қарағанды облысы - 46,
  • Қостанай облысы - 61,
  • Қызылорда облысы - 14,
  • Маңғыстау облысы - 12,
  • Павлодар облысы - 79,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 25,
  • Түркістан облысы - 6.

Жалпы пандемия басталғалы ел бойынша ауырғандар саны 214 806.

Жаңалықтар
0