Қоғам

Ғалымдар жүрекке қауіпті әдетті атады

© Sputnik / Евгений Самарин / Медиабанкке өтуАрхивное фото реанимации
Архивное фото реанимации - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2021
Жазылу
Зерттеу қандай өнімдер ағзаға кері әсерін тигізіп, жүрек ауруларына әкеп соғатынын көрсетіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз — Sputnik. Құрамында май көп тағамдар жүрек сырқатына әкеп соғуы мүмкін, деп хабарлайды MedicalXpress порталы Рединг университетінің ғалымдарына сілтеме жасап.

Мамандар жүрек жасушаларындағы қышқылдану стресіне ас мәзірі қалай әсер ететінін зерттеді. Тышқандардың 45 проценті күнделікті калорияны майдан, 20 проценті ақуыздан және 35 проценті көмірсудан алды.

Майы көп диетада Nox2 ақуызы белсенді болатыны анықталды. Ол әдетте ағзаға зиянды емес. Алайда өте белсенді болған кезде қышқылдану стресі екі есеге артатыны анықталды. Жүрек жасушалары 1,8 есеге ұлғаяды.

Ғалымдар майы көп тағамдарды жеу жүрек ауруларына шалдығу ықтималдығын арттырады деп отыр. Олар Nox2 белсенділігінің ағзаға тағы қандай әсері болатынын әлі де зерттемек.

Жаңалықтар
0