Қоғам

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 7 адам қайтыс болды

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаМодульная инфекционная больница, построенная в течение двух недель в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане
Модульная инфекционная больница, построенная в течение двух недель в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2021
Жазылу
Пандемия басталғалы 214 806 адам коронавирусқа шалдықты, 2 777 адам қайтыс болды

АЛМАТЫ, 3 наурыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 7 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оның ішінде 5 адам коронавирустан, екі адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды. Оның алдында бір күнде коронавирус пен пневмониядан 11 адам қайтыс болды.

3 наурыздағы мәлімет бойынша, 19 304 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 4 340 пациент стационарда, 14 964 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы науқастар арасында 243 адамның жағдайы ауыр, 42 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 47 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар өткен тәулікте 717 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, 65 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы 214 806 адам коронавирусқа шалдықты, 2 777 адам қайтыс болды. 2020 жылдың бірінші тамызынан бері 49 372 адам пневмонияға шалдықты, 630 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0