Қоғам

Қазақстанда коронавирус статистикасы өзгереді – науқастардың саны аз болып шықты

© Photo : Пресс-служба акимата Нур-СултанаМодульная лаборатория в спорткомплексе "Казахстан" в Нур-Султане
Модульная лаборатория в спорткомплексе Казахстан в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2021
Жазылу
Бір науқас дәрігерге бірнеше рет көрінгеннен кейін әрбір қабылдау статистикаға бөлек адам болып енген. Осылайша өткен жылы коронавирустық пневмонияға 19 мың науқас артық жазылған

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус статистикасы бойынша жүргізілген тексерістің алдын ала нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министр Ажар Ғинияттың айтуынша, коронавирустық пневмония (КВИ) статистикасына артық адам жазылып кеткен. Бір науқас дәрігерге бірнеше рет көрінгеннен кейін әрбір қабылдау статистикаға бөлек адам болып енген. Осылайша өткен жылы коронавирустық пневмонияға 19 мың науқас артық жазылған. Алдағы уақытта оны алып тастамақ. 

"Негізі бұрын да солай болған. Дәрігердің әрбір қабылдауы бөлек тіркелетін. Мысалы, бүгін дене қызуымен келсе, ертең рентгенге жібереді. Сонда қайтадан тіркелу керек. Былтыр КВИ- бойынша науқастардың саны артық жазылып кеткен", - деді Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Мамандар КВИ статистикасына енген әрбір науқасты жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша тексерген. Былтыр бір адамның бірнеше рет есепке алынғаны анықталды. Биыл ақпараттық жүйе жетілдірілді. Енді әрбір науқасты сәйкестендіру нөмірі бойынша есепке алып отырады. Соның арқасында артық адам жазылмайды.

"Өлім-жітім бойынша да талдау жүргізіліп жатыр. Жұмыс наурыздың аяғына дейін атқарылады. Сол кезде соңғы мәліметтер белгілі болады. Талдау аяқталғаннан кейін арнайы брифинг өткіземіз", - деп атап өтті Ғиният.

Астанада коронавирусқа кімдер жиі шалдығатыны анықталды

Айта кетейік, өткен жылы тамыз айында ПТР-тесті теріс нәтиже көрсеткен, бірақ коронавирустың анық белгілері бар науқастар бөлек тіркеуге алына бастады. Олар коронавирустық пневмония (КВИ-) статистикасына енді. Тамыз айынан бері республика бойынша коронавирустық пневмониямен 49 372 адам тіркелген. Осы диагнозбен 630 науқас қайтыс болды.

Жаңалықтар
0