Қоғам

Нұр-Сұлтан мен Қостанайда бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды

© Sputnik / Абзал КалиевДистанционное обучение. Школьники перед ноутбуками
Дистанционное обучение. Школьники перед ноутбуками - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2021
Жазылу
Қазақстан астанасында ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар мен колледж студенттері сабаққа бармайды  

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Бірінші ауысымдағы нөлден 11-сыныпқа дейінгі оқушылар үшін сабақ қашықтан өткізіледі.

"Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы хабарлайды: 5 наурызда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-11(12) сынып оқушылары, сонымен қатар колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауысады", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Синоптиктер наурыз айында ауа райы қандай болатынын айтты 

Сондай-ақ, Қостанай және Рудный қалаларында 5 наурызда  желдің күшеюіне байланысты бірінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқу режиміне ауыстырылды.

Айта кетейік, осы аптада 1-ден 5-сыныпқа дейінгі оқушылар мектепке барып оқи бастады.

Жаңалықтар
0