Қоғам

Бір тәулікте COVID-19 жұқтырғандар мен қайтыс болғандар туралы мәлімет шықты

© Sputnik / Владислав ВодневАстанадағы модульді инфекциялық аурухана
Астанадағы модульді инфекциялық аурухана - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2021
Жазылу
Коронавирус жұқтырғандардың дені Алматы қаласында тіркелген, жалпы пандемия басталғалы 218 754 адам індетке шалдықты

НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. Өткен тәулікте республикада 653 адам вирус жұқтырды және он бір адам індеттен қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Індетке шалдыққандардың ең көбі Алматы қаласында тіркеліп отыр.

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 25714(+42),
  • Алматы қаласында – 25996 (+141),
  • Шығыс Қазақстан облысында – 22315 (+21),
  • Атырау облысында – 17441 (+43),
  • Павлодар облысында – 18139 (+65),
  • Қарағанды облысында – 15749 (+38),
  • Ақмола облысында – 14102 (+68),
  • Батыс Қазақстан облысында – 13426 (+34),
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 12582 (+36),
  • Қостанай облысында – 12775 (+50),
  • Алматы облысында – 11256 (+68),
  • Шымкент қаласында -6290 (+8),
  • Жамбыл облысында – 6055 (+15),
  • Түркістан облысында – 4328 (+3),
  • Маңғыстау облысында – 4282 (+2),
  • Ақтөбе облысында – 4401 (+13),
  • Қызылорда облысында – 3903 (+6).

Республикада пандемия басталғалы 218 754 адамда коронавирус анықталды.

Сонымен қатар, өткен тәулікте коронавирустан жеті науқас, ал ковидтік пневмониядан төрт пациент көз жұмды.

8 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 838 адам короновирус инфекциясынан (13 712 КВИ+ және 5 126 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 556 пациент стационарда, 14 282 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

  • 238 адамның жағдайы ауыр;
  • 60 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 38 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Жаңалықтар
0