Қоғам

Тоқаев иттермен серуенге шықты – фото

Жазылу
Қазақстан президенті демалыс күнін таңғы серуенмен бастады. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы суретін бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз — Sputnik. Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев серуенінің суретін жариялады.

Фотода мемлекет басшысының итін көруге болады. Тағы біреуі артында тұр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Berik UALI (@berikuali)

Суреттегі ит қазақы тазы тұқымынан болуы мүмкін.

"Тамаша күн. Таңғы серуен. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды", - деп жазды Уәли.

Таңертең президент сайтында ресми құттықтау жарияланған болатын. Қазақстан әйелдерінің ақыл-парасаты, ерік-жігері мен жасампаздығы барлық қиындықты еңсеріп, сын-қатерлерге төтеп беруімізге септігін тигізеді деген еді президент.

Жаңалықтар
0