Қоғам

Өртеніп жатқан өзеннің видеосы қазақстандықтардың зәресін ұшырды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуӨрт, архивтегі сурет
Өрт, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2021
Жазылу
Өртке жерасты мұнай құбырындағы апат себеп болған, төтенше жағдайды сол жерде жүрген балықшылар түсіріп алды

НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз – Sputnik. Қазақстандықтар өзендегі өрттің видеосын талқылап жатыр. Ролик өскемендік Instagram аккаунтта жарияланған. Видеода өрттің мұнай құбырындағы апаттан кейін шыққаны жазылған.

Осыдан кейін желі қолданушылары төтенше жағдай Қазақстанда болды деп ойлаған. Алайда видеоның біздің елге еш қатысы жоқ, деп хабарлайды stopfake.kz.

"Шын мәнінде Instagram-да видеоның қысқартылған нұсқасы жарияланған. Түпнұсқада автор "Өзен өртеніп жатыр" деп айтқаннан кейін, "Обь" деп нақтылайды. Алайда қазақстандық Instagram парақшасының әкімшілері адамдардың назарын аударту үшін осы бөлікті қиып тастаған. Қорыта айтқанда, бұл роликтің Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ", - делінген порталда.

7 наурызда Обь өзенінің Нижневартовск маңындағы учаскесінде өрт шықты. Тілсіз жауға жерасты мұнай құбырындағы апат себеп болған. Төтенше жағдайды сол жерде жүрген балықшылар түсіріп алды. Куәгерлердің бірін қатты күйік шалып, ауруханаға түсті.

БАҚ-тың ақпаратынша, өзенге 700 тонна мұнай өнімі төгілген. Қазір тергеу комитеті мен Нижневартовск қалалық прокуратурасы төтенше жағдайды тергеп жатыр.

Жаңалықтар
0