Коронавирус пандемиясы

Пандемияға 1 жыл: коронавирусты қашан жеңеміз

1046
(Жаңартылды 11:58 11.03.2021)
Пандемияның басталғанына бүгін бір жыл толып отыр. Өткен жылы 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялап, әлем елдерін барынша сақтануға үндеді. Содан бастап барлығы шектеу шараларын енгізуге кірісті

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik.  Ғалымдар жаңа вирусты толығымен білмегеннен кейін сан алуан өзгерістер болды, коронавирусты емдеу хаттамасын да талай рет түзетуге тура келді. Ал осы індеттен қайтыс болғандардың саны 2,6 миллионнан асты. Sputnik Қазақстан пандемияның бір жылы қалай өткенін еске алды.

Вирус қолдан жасалған ба

Қытайдағы белгісіз вирус туралы алғашқы ақпараттар 2019 жылдың желтоқсан айында тарала бастады. Инфекцияның шыққан жері де анықталды. Ол - Ухань қаласындағы теңіз өнімдерінің базары. Індет жұқтырғандардың саны күн сайын өсті. Содан қаңтар айында Уханьді карантинге жауып тастады. Қатаң шектеу шаралары енгізілді. Ал бір айдан кейін Дүнижүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясын жариялады. 

Сол кезде осы ұйымды пандемияны кеш жариялағаны үшін сынаған мемлекет басшылары да болды. Мәселен, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп ДСҰ-ның шешімі ертерек шығарылғанда шектеу шараларын уақытында қолға алып, науқастардың санын азайтуға болатынын айтты. Артынан қаржыландыруды тоқтататынын мәлімдеді. АҚШ-ты ұйым құрамынан да шығарып тастады. Дегенмен, жаңа президент Джо Байден билікке келген бойда бұрынғы қаулының күшін жойып, өз елін ДДҰ-ның мүшелігіне қайтарды.

Дегенмен өткен жылы мамыр айында Қытай үкіметінің бас медициналық кеңесшісі, эпидемиолог Чжун Наньшань Уханьдағы жергілікті биліктің бірнеше апта бойы науқастардың нақты санын көрсетпей, жаңа вирустың адамнан адамға жұғатынын жоққа шығарып келгенін айтқан. Қала басшылығы инфекцияны ауыздықтауға болады деп ойлады. Алайда қатты қателесті. Уақытты да өткізіп алды.

Пандемия басталған бойда ғалымдар арасында инфекцияның қолдан жасалғанына қатысты пікірталастар қыза түсті. Себебі Ухань қаласында вирусология институты орналасқан. Ол жерде дәл сол коронавирустарды жан-жақты зерттейді. Тіпті, гибридті вирустар да шығарылды. Инфекция сол жерден тарады деген болжам болған. Алайда Қытай билігі оны жоққа шығарды. Биыл олар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның бір топ ғалымдарын да зертханаға кіргізген. Сарапшылар вирустың бақылаудан шығып кететіндей себептер таппады.
2019 жылдың соңында шыққан вирусқа "COVID-19" деген атау берілді.

Мұнай бағасы құлдырады

ДДҰ-ның пандемияға қатысты шешіміне дейін ОПЕК+ мүшелері, атап айтқанда, Ресей мен Сауд Арабиясы мұнайды шектеу бойынша бір келісімге келе алмады. Содан 9 наурызда Brent маркалы мұнайдың бағасы бірден 31 процентке түсіп кетті. 

Коронавирус пандемиясы да мұнайдың бағасына әсер етпей қоймады. Әлем бойынша шектеу шаралары енгізілгеннен кейін адамдар үйде отырды, көлік қозғалысы мен әуе қатынасы тоқтатылды. Содан мұнай мен мұнай өнімдеріне сұраныс күрт төмендеді. Шикізат нарығы тығырыққа тірелді. Бір айдан кейін WTI маркалы мұнайдың бағасы өз тарихында алғаш рет минусқа кетті. Ал Brent-тің бір баррелі 20 доллардан төмен түсті. Мұнай өндіруші елдердің ұлттық валютасы құнсызданды. Мәселен, Қазақстанда бір доллардың бағамы 460 теңгеге дейін барды. Артынан ОПЕК+ елдері бір келісімге келгеннен кейін мұнай саласындағы жағдай біртіндеп түзеле бастады.

Қазіргі кезде Brent маркалы мұнайдың бағасы 65-70 доллардың маңайында болып тұр. Ал WTI-дің бір баррелі 60-65 долларға сатылып жатыр. 

Вирус құрбаны аз емес

2020 жылы сәуір айында Ухань ашылды. Қытайда шектеу шараларын жеңілдете бастады. Ал әлем елдері, керісінше, қатаң карантинге кірді. Себебі вирус жұқтырғандардың саны күрт өсті. Жаһандық дүрбелең басталды. Індетке шалдыққандардың арасында өз-өзіне қол салған адамдар да болды. 

Пандемия басталғалы бері әлем бойынша 117 миллион адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР-тестпен расталды. Осы уақытқа дейін басым бөлігі жазылып шықты. Бірақ қайтыс болғандардың саны аз емес. Ресми мәліметке сәйкес, коронавирустан 2,61 миллион адам көз жұмды. Құрбандардың саны жағынан алғашқы ондыққа, көбінесе, ірі мемлекеттер кіреді. Олар: 

  1. АҚШ (522 818);
  2. Бразилия (265 411);
  3. Мексика (190 604);
  4. Үндістан (157 853);
  5. Ұлыбритания (124 501);
  6. Италия (99 785);
  7. Франция (88 574);
  8. Ресей (87 985);
  9. Германия (71 138);
  10. Испания (71 138);

Ал Қытайдағы коронавирус құрбандарының саны 4,6 мың адам болып тұр. Осы елде барлығы 90 мыңға жуық адам ауырып шыққан. Қазір 200-дей науқас тіркеліп отыр. Бүгінде әлем бойынша екі мемлекет – Солтүстік Корея мен Түрікменстан ғана коронавирустың тіркелгенін ресми түрде растамай отыр. 

Пандемия қашан аяқталады

Коронавирус әлемді біраз әбігерге салды. Бас кезінде жаңа инфекция туралы ақпарат аз болды. Ғалымдар оны жан-жақты зерттеп жүргенде инфекция жай жатқан жоқ, адамдарды қынадай қырды. Ауруханаларда орын болмады. Барлық елде қосымша стационарлар салынды. Ал Қытай қысқа уақыттың ішінде коронавирус жұқтырғандарға арналған алып аурухананы тұрғызды. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан вирусқа қатысты жаңа ақпарат шыққан сайын емдеу тәсілдері өзгеріп тұрды, шектеу шараларына түзету енгізілді. Науқастардың саны көбейсе, карантинді күшейтті. Ал азайғанда сәл жеңілдетті. Жұмыссыз қалғандарға бір реттік төлемақылар таратылды. Дегенмен, халық карантиннен шаршады. Содан кейбір елдерде наразылық акциялары өтті. 

Дегенмен, пандемияның пайдасы да жоқ емес. Карантин кезінде адамдар отбасылық құндылықтардың мәнін түсіне бастады. Гигиенаға басымдық берді. Осының нәтижесінде басқа инфекциялық ауруларға шалдығу көрсеткіші төмендеді. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамына сәйкес, коронавирус пандемиясы 2022 жылдың басында аяқталады. Себебі ғалымдар коронавирус туралы көп біледі. Бірнеше вакцина да шығарылды. Бүгінде жаппай екпе салу шаралары да басталып кеткен. Медицина мамандарының айтуынша, адамдардың 60-70 процентінде ұжымдық иммунитет болса, шектеу шараларын барынша жеңілдетуге болады. Демек, сол кезде пандемия да аяқталады.

1046
Кілт сөздер:
әлем, Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2261)
Тақырып бойынша
ДДҰ пандемия қашан аяқталатынын болжады
Иммунолог коронавирусқа қарсы антиденелер жайлы өтіріктің бетін ашты
Спутник V вакцинасын әзірлеуге қатысқан қазақ жайлы не білеміз
Вакцинаның әсері: Цой эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады
Алматыда карантинге байланысты жаңа қаулыға қол қойылды
Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшылары Тоқаевты құттықтап жатыр

1001
Олар мемлекет басшысына зор денсаулық және бақыт тіледі, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде, деп хабарлайды Ақорда.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жеделхатында Тоқаевқа ұзақ өмір, зор денсаулық және оның аса жауапты қызметіне табыс тілеп, бауырлас Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірген. Сондай-ақ ол екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен.

"Екі ел арасындағы тату көршілікке, жақын достыққа, өзара құрметке және қолдау көрсетуге негізделген стратегиялық серіктестік ортақ саяси ерік-жігеріміздің арқасында соңғы жылдары мүлде жаңа деңгейге көтерілгені күмәнсіз. Біздің табысты байланыстарымыз бен ұзақмерзімді серіктестігіміз одан әрі дами беретініне сенімдімін", – делінген Өзбекстан басшысының жеделхатында.

Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделәзиз Әл Сауд және Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделәзиз Әл Сауд өздерінің жеделхаттарында Қазақстан президентін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, оған зор денсаулық және бақыт тілеген, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірген.

Тағы оқыңыз: Рамазан-2021: маңызды 10 сұрақтың жауабы

Сонымен қатар Қазақстан президентіне Қатар әмірі Шейх Тамим бен Хамад Әл Тәни, Иордания королі II Абдалла, Оман сұлтаны Хайсам Бен Тариқ, Кувейт әмірі Шейх Наваф әл-Ахмад әл-Джабер Әс-Сабах, Кувейттің тақ мұрагері Мишаль әл-Ахмед әл-Джабер Әс-Сабах, Бахрейн королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Марокко королі VI Мұхаммед, Египет президенті Әбдель Фаттах Әс-Сиси, Ирак президенті Бархам Салех, Палестина президенті Махмуд Аббас, Қатар шейхінің орынбасары Абдалла Бен Хамад Әл Тәни және Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Юсеф әл-Осеймин өздерінің құттықтау хаттарын жолдады.

Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні.

Пітір садақаның мөлшері жан басына 420 теңгені құрады.

1001
Кілт сөздер:
Рамазан-2021, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Ақордада өткен кездесуде қырғыз президенті Тоқаевты таңғалдырды  
Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктегі ауыс-түйіс туралы айтты
Тоқаев жұмысын дұрыс атқармаған басшыны қызметінен босатуды бұйырды
Тоқаев кейбір салаларға қосымша қаражат бөлуді тапсырды
Прокуратура қызметкерінің формасы, архивтегі сурет

Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды

746
Аудандық прокуратура қызметкеріне ірі мөлшерде пара алды деген айып тағылды, тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында Байзақ ауданы прокуратурасының қызметкері пара үшін ұсталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Күдіктіні ұстауға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысындағы  департаменті де қатысқан. Прокуратура қызметкері 16 сәуірде ұсталды.

"Ол қомақты мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. Іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

746
Кілт сөздер:
прокуратура, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Мемлекетке 500 миллион теңге шығын келтірген қылмыстық топ ұсталды – видео
Петропавлда пара алып, тегін баспана ұсынған шенеунік ұсталды
Павлодарда "Жұмабектің бажасы" ұсталды – видео
Қостанайда 44 адамның атынан кредит алған алаяқ ұсталды
Қар, архивтегі сурет

Қар және жаңбыр: синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын айтты

0
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ауа ағымдарының әсерінен жаңбыр жауып, жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Ертең, 18 сәуірде елдің басым аумағында ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, түнгі уақытта солтүстікте қар аралас жаңбыр болжануда. Кейбір облыстарда тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста, батыста және солтүстік-батыста найзағай ойнайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.

Жамбыл облысында, күндіз Алматы облысында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/c дейін күшейеді.

Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, дауыл тұрады, тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20, екпіні секундына 25 метрге дейін барады.

Тағы оқыңыз: Биыл жаз қандай болады – синоптиктер болжам жасады

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерді тұман басады, күндіз желдің екпіні 23-28 м/c дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарында жел 15-20 м/c дейін күшейеді, Қарағанды облысында кей жерлерде – тұман.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Атырау облысында кей жерлерді тұман басады. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда 18 сәуірде күн ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз 18 градусқа дейін көтеріледі, түнде – плюс бір градус. Жел жоқ.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, оқта-текте жаңбыр жауады. Күндіз сынап бағанасы плюс 19 градус, түнде плюс 8 градусты көрсетеді.

Шымкентте де күн ашық. Күндіз – плюс 22, түнде – плюс 11 градус.

0
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, Қазгидромет
Тақырып бойынша
Көктемде 276 елді мекенді су басуы мүмкін – ТЖ министрі
Қар аралас жаңбыр: Қазақстанның барлық дерлік өңірінде дабылды ескерту жарияланды