Банк карталары

Кредит картасынан қалай пайда табуға болады

3187
(Жаңартылды 10:06 11.03.2021)
Кез келген кредит картасы негізінде қарапайым кредит болатынын ұмытпау керек. Маман кредит тегін берілмейтінін атап өтті. Қарыз беруші пайда көруі тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз — Sputnik. Банк ұсынатын кешбэк және балл арқылы кредит картасынан пайда көруге болады. Бұл туралы "Прайм" агенттігіне "Синергия" университетінің банк ісі кафедрасының доценті Екатерина Исаева айтты.

Оның сөзіне қарағанда, егер клиент банктің жеңілдік мерзімінен шығып кетпесе, процентсіз кредит ала алады. Алайда бұл айтарлықтай қомақты сома емес.

"Қарыз алушыда ақша жинамай,  тауарды дәл қазір алу мүмкіндігі бар. Мұндай карта қарыз алушы мен кредит беруші банк арасындағы алшақтықты азайтады" - деді Исаева.

Бірақ кез келген кредит картасында қарапайым кредит болатынын ұмытпау керек. Ол үш негізгі қағида бойынша жұмыс істейді: жеделділік, төлем қабілеттілігі және қайтарылуы. Маман кредит тегін берілмейтінін атап өтті. Қарыз беруші пайда көруі тиіс. 

3187
Кілт сөздер:
банк, кредит
Тақырып бойынша
Kaspi арқылы ақша аудару: қаржы министрлігі шешім қабылдады
Елордалық депутат Kaspi Gold иелерін 3% салық төлеуге міндеттеуді ұсынды
Клиенттерді жүздеген миллион теңгеге алдаған Kaspi Bank қызметкері сотталды
Автоматты түрде ақша түсіп тұратын карта кімдерге беріледі
Ұлттық банк карта арқылы төлем жасауға қатысты ақпарат бөлісті
Екпені тасымалдау

Денсаулық министрлігі отандық вакцинаға қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды

123
(Жаңартылды 12:46 10.05.2021)
Ресми мәліметке сәйкес, стикерлеу жұмысы СК-Фармацияның Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе мен Шымкент қаласындағы хабтарында жүргізілген

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желіде қазақстандық студенттерді Қытайдан әкелінген вакцинаның жапсырмасын қазақстандық екпеге ауыстыруға мәжбүрлейтіні туралы ақпарат тарап кетті. Денсаулық сақтау министрлігі оны жоққа шығарды, деп хабарлайды Stopfake.kz сайты.  

WhatsApp мессенджерінде тараған аудиожазбада әйел медициналық оқу орнында оқитын студентті кездестіргенін айтады. Оның айтуынша, студенттерді сабақ уақытында жасырын түрде "СК-Фармацияның" қоймасына алып барады да, қытайлық вакцинаға қазақстандық екпенің стикерлерін жабыстыруға мәжбүрлейді. Сөйтіп шетелдік препаратты отандық өнім ретінде ұсынады. Қоймаға ұялы телефонмен кіргізбейді және орындалуы тиіс күнделікті жоспар бекітілген.

Денсаулық сақтау министрлігі қытайлық вакцинаны QazVac стикерлеріне ауыстыру туралы қауесетті жоққа шығарды.

Ресми мәліметке сәйкес, 30 сәуірде Қазақстанға "Hayat-Vax" вакцинасының 400 мың қаптамасы жеткізілді. Бұл – Біріккен Араб Әмірліктерінде шығарылған қытайлық екпе.

Вакцинаның нұсқаулығы мен белгілері араб және ағылшын тілінде жазылған. Ал "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 242-бабына сәйкес елімізде барлық дәрілік заттар қаптамасына қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулық анық таңбамен жазылып, айналымға түсуі тиіс.

"Қажетті белгілерді қоюға және нұсқаулығы бар парақтарды буып-түюге ерікті студенттер көмектесті", – дейді министрлік мамандары.

Стикерлеу СК-Фармацияның Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе мен Шымкент қаласындағы хабтарында жүзеге асырылды. Әр қоймада 20-40 штаттық қызметкер жұмыс істеді. Жұмысты тездету мақсатында еріктілердің көмегі ұсынылды. Соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам, Алматы қаласында – 5 адам, Ақтөбе қаласында – 10 адам.

Оқи отырыңыз: Қытайлық вакцина туралы не білеміз – маңызды 10 сұрақтың жауабы

Қоймаға кірердің алдында барлық келушіге тиісті ережелер түсіндірілді. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық та берілді. Ал стикерлер мен аннотацияларды дайындау, сондай-ақ стикерді қаптамаға жабыстыру волонтерлік қызмет негізінде жасалғандықтан қандай да бір келісімдер мен шарттарға қол қою көзделмеген.

123
Кілт сөздер:
екпе, вакцина
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Тақырып бойынша
Осы айда екі миллион адамға вакцина егеміз – Мамин
"Вакцина салдырмасаң, анықтама бермейміз": Түркістан облысында болған оқиға
Вакцина салдырғандардан қай кезде ПТР-анықтама талап етілмейді
Коронавирусқа қарсы әлемдегі ең үздік вакцина анықталды
Вакцина салдырмағандарға талап өзгерді – Қызылордада жаңа қаулы жарияланды
Алматы қаласы

Өткен тәулікте екі мыңнан астам қазақстандықтың індет жұқтырғаны расталды

47
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың ең көбі Алматы қаласында тіркелді. Одан кейінгі көрсеткіш Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысына тиесілі

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 2 142 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

Өңірлер мен қалалар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 324,
  • Алматы қаласы - 570,
  • Шымкент қаласы - 45,
  • Ақмола облысы - 130,
  • Ақтөбе облысы - 68,
  • Алматы облысы - 185,
  • Атырау облысы - 62,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 87,
  • Жамбыл облысы - 51,
  • Батыс Қазақстан облысы - 102,
  • Қарағанды облысы - 251,
  • Қостанай облысы - 25,
  • Қызылорда облысы - 22,
  • Маңғыстау облысы - 55,
  • Павлодар облысы - 125,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 11,
  • Түркістан облысы - 29.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 344 731.

47
Кілт сөздер:
індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавируспен күресте пайдалы алты өнімді атады
Ғалымдар коронавирустың белгісіз мутациясын анықтады
Ғалымдар коронавирус бар-жоғын 10 секундта анықтайтын құрылғы ойлап тапты
Ғалымдар коронавирустың түсін анықтады
Ғалымдар тәтті сусындардың адам денсаулығына зиянын анықтады