Қоғам

Нарықта қандай түсті көліктер сұранысқа ие

© Photo : CC0 / ArtisticOperationsLexus
Lexus - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2021
Жазылу
Мамандардың айтуынша, қара түсті темір тұлпарды жиі жуу керек. Өйткені кір бірден көрінеді. Алайда бұл түс классикалық болып саналады

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Нарықта қара және күміс түсті көліктер жақсы сатылады.

"Зерттеу нәтижесіне сәйкес, қоңыр түсті автомобильге сұраныс аз. Ал қара мен күміс түсті, керісінше, жақсы сатылады. Қара түсте көліктің геометриялық ерекшелігі барынша аз байқалады", - деп жазады Ura.ru сарапшыларға сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, қара түсті темір тұлпарды жиі жуу керек. Өйткені кір бірден көрінеді. Алайда бұл түс классикалық болып саналады.

"Көк және қызыл түс көліктің пішінін жақсы көрсетеді. Ақ түсті көліктің кірлегені бірден байқалмайды. Өйткені саз қара емес, сұр түсті. Сондықтан ақ көлікті сирек жууға болады", - дейді сарапшылар.

Жаңалықтар
0