Қоғам

Байқоңырда қаланың көрікті жеріндегі мүлікті бүлдірген күдікті ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевШытынаған әйнек, иллюстративті фото
Шытынаған әйнек, иллюстративті фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2021
Жазылу
Құқық қорғау органы өкілдерінің айтуынша, күдікті екі бірдей бұзақылық әрекет жасап, қоғамдық орындардағы мүлікке зиян келтірген

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Байқоңыр қаласының полициясы Ленин атындағы қалалық алаңда "Мен сені сүйемін, Байқоңыр!" деп жазылған декоративті құрылымын бүлдірген бұзақыны тапты.

Қазіргі кезде бірнеше айға созылған тексеру жұмыстарының нәтижесінде ашылған іс материалдары сотқа жіберілді.

"Өткен жылдың 23 қарашасына қараған түні 27 жастағы күдікті мас күйде алаңдағы "Мен сені сүйемін, Байқоңыр!" деп жазылған декоративті құрылымды бүлдірген", – деп хабарлады "Байқоңыр" кешенінің прокурорлары.

Құқық қорғау органы өкілдерінің айтуынша, күдікті екі бірдей бұзақылық әрекет жасап, қоғамдық орындардағы мүлікке зиян келтірген.

"2021 жылдың 11 қаңтарында ол Байқоңыр қаласындағы демалыс саябағында орналасқан №2 жағажай аймағының аумағында мас күйінде екі декоративті ақпараттық тақтаны бүлдіргені анықталды", – дейді прокурорлар.

Оқи отырыңыз: Байқоңырға қаруланған адамдар кірмек болды

Ендігі жерде күдікті адам мұндай бұзақылық әрекеті үшін Қазақстан заңы бойынша қырық күнге қамалуы мүмкін.

"Қылмыстық жауапкершілікке тартылған адам Қазақстан азаматы болғандықтан, Байқоңыр кешенінің прокуроры істі одан әрі қылмыстық қудалау үшін Қазақстанның құқық қорғау органдарына жіберді", – делінген қадағалау органының хабарламасында.

Жаңалықтар
0