Инвестиция, мүлік

Жас мамандарға арналған 5%-тік ипотека: маңызды 10 сұрақтың жауабы

3035
(Жаңартылды 20:30 14.03.2021)
Осы аптада жас мамандарға арналған "Алматы жастары" бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Бұл жолы жұмыс істейтін жастарға арналған 5 проценттік ипотека беру тәртібіне бірқатар өзгеріс енгізілді. Алдағы уақытта оған ұқсас "Елорда жастары" жобасы да іске қосылады. Sputnik Қазақстан биыл қайтадан қолға алынған бағдарламаға қатысты маңызды 10 сұрақтың жауабын ұсынады.  

"Алматы жастары" бағдарламасының негізгі шарттары қандай

Өтінім берушінің жасы 35-тен аспауы тиіс. Алғашқы жарнаның көлемі – 10 процент. Қалған соманы 5 процентпен кредитке алуға болады. Соңғы бес жылда өтінім беруші мен оның отбасы мүшелерінің атында баспана болмауы шарт. Бір отбасыдан бір адам ғана бағдарламаға қатыса алады.   

Биыл қандай өзгеріс енгізілді

Осы жолы Алматы қаласында тіркеуде тұру міндетін алып тастады. Сондай-ақ қатысушылардың қатарына құқық қорғаушылар да қосылды. Ал ипотеканың шекті мөлшері 18 миллион теңгеге дейін көтеріліп отыр. Былтыр 13 миллион болған. 

Бағдарламаға қандай мамандық иелері қатыса алады

Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік сала мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері өтінім бере алады. Бұдан бөлек, университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының мамандары бар. Мәдениет саласындағы 10 шығармашылық одақ - Қазақстан жазушылар одағы, Композиторлар одағы, Суретшілер одағы, Жас суретшілер одағы, Дизайнерлер одағы, Қазақстан Республикасы театр қайраткерлері одағы, Қазақстан Республикасы сәулетшілер одағы, Кинематографистер одағы, Қазақстан Республикасы музыка қайраткерлері одағы мен Шеберлер одағының мүшелері, сондай-ақ, осы салада жеке кәсіпкер ретінде тіркелген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар да құжат тапсыра алады. Еңбек өтілі – кем дегенде, 6 ай. Зейнетақы жарналары да аударылуы қажет.

Жастарға қанша ипотека беріледі

"Алматы жастары" бағдарламасы аясында 1 000 пәтерге ипотека беру жоспарланып отыр. Былтыр да солай болған.

Өтінім қалай беріледі

Өтінімдер мен тиісті құжаттар almaty-zhastary.kz веб-сайты арқылы 31 наурызға дейін қабылданады.

Сайт арқылы қандай құжаттарды жіберу керек

Өтініштің үлгісі сайттан жүктеп алуға болады. Ал барлық құжаттың мерзімі 10 күннен аспауы тиіс. Олар: азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеудің сканерленген куәлігі (балардың туу, қайтыс болу, неке (ерлі-зайыптылықты) қию, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу), өтініш берушіге және барлық отбасы мүшелеріне республика бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ екендігі туралы анықтамасы, белгіленген үлгідегі ұйымның/мекеменің фирмалық бланкісінде анықтаманың берілген күнін, шығыс нөмерін, жұмысқа тұрған күнін мен қызметтік лауазымын көрсетіп берілген жұмыс орнынан анықтамасы (ресми бланкі болмаған жағдайда, анықтамада ұйымның мөрлері болуы тиіс), еңбек өтілін растайтын құжаттар, БАҚ-ты есепке қою куәлігі (аталған талап журналистер саласының қатысушыларына қатысы). Ал мәдениет саласында өзін-өзі жұмыспен қамтыған қатысушылар Алматы қалалық мәдениет басқармасынан қосымша анықтамалар жіберсе болады. 

Іріктеу қалай жүргізіледі

Іріктеу балдық жүйеге негізделген. Атап айтқанда, тіркелген некедегі әрбір жылы үшін 2 ұпай беріледі, бір балаға – 1 ұпай, ал одан кейінгі әрбір бала үшін 2 ұпай саналады. Бұдан бөлек, еңбек өтілінің әрбір жылына 2 ұпай қосылады. Өтінім берушілерде ұпай саны тең болған жағдайда өтініш пен құжаттарды ерте тапсырған қатысушы басымдыққа ие болады.

Жолдама берілгеннен кейін не істеу керек

Жолдама алған өтініш берушілер 15 жұмыс күні ішінде төлем қабілеттілігін бағалаудан өту үшін "Отбасы банкі"  кез келген қызмет көрсету орталығына баруы қажет. Үміткер Отбасы банкіне бармаған жағдайда Алматы қаласының әкімдігі жолдаманы жойып, оны тізім бойынша тұрған келесі қатысушыға беруге құқылы. Қатысушы төлем қабілеттілігінен өтпесе, жолдама басқа адамға беріледі.

Төлем қабілеттілігін растағаннан кейін не істеу керек

Қатысушы төлем қабілеттілігін растағаннан кейін хабарлама алады. Содан бастан 45 күннің ішінде тұрғын үйді таңдап, баспананың құжаттарын Отбасы банкіне тапсыруға міндетті. Егер қатысушы белгіленген мерзімде үй таппаса, әкімдік жолдаманы тізімде тұрған келесі адамға береді.

Ипотека тек жаңа үйлерге ғана беріле ме

Жоқ, үйді бастапқы нарықтан да, жаңа емес үйлерден де іздеуге болады.

 

3035
Кілт сөздер:
маман, ипотека, пәтер
Тақырып бойынша
Тоқаевтың тапсырмасы: Пәтер жалдау ақысының 80 процентін мемлекет төлейді
Тек әйелдерге берілетін ипотека: бағдарламаның шарттары белгілі болды
Зейнеткерлерге 5 проценттік ипотека беру шарты жарияланды
Қазақстанда процентсіз ипотека алуға болады: жалақы қанша болу керек
Қазақстанда ипотека рәсімдеу тәртібі жеңілдейді – министр уәде берді
Зертхана қызметкері

Пандемияның екінші жылы адам өлімі әлдеқайда көп болуы мүмкін - ДДСҰ 

64
Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Коронавирус пандемиясының екінші жылы кісі өлімі көп болуы мүмкін, деді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебресиесус. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

"Қазірдің өзінде COVID-19-дан 3,3 миллион адам көз жұмды. Біз пандемияның екінші жылына аяқ бастық, бірінші жылмен салыстырғанда осы жылы адам көп өлуі мүмкін. Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру", - деді ДДСҰ бас директоры.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы вакцина вирустан 100% қорғамайтынын тағы да атап өтті. Өйткені вакцина алған адамдар вирус жұқтырып алуы мүмкін, алайда олар жеңіл түрімен ауырады. Сондықтан ұйым басшысы "шектеулерді алып тастау шешімі елде вакцина салдырған адам санына қарай емес, коронавирустың таралуы деңгейіне қарай қабылдану керек", дейді.

Оқи отырыңыз: Елорда әуежайында Ashyq қосымшасы іске қосылды – видео

64
Кілт сөздер:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, қайтыс болды, вакцина, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Вакцинаның екі дозасынан кейін коронавирус жұқтырғандардың саны жарияланды
Вакцина салдырғандарға маска тақпай жүруге бола ма – министрлік жауабы
Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдардың саны күрт көбейді
Өткен тәулікте жиырмадан астам адам коронавирустан қайтыс болды
Министрлік коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады
Бала, ер адам, архивтегі фото

Нұр-Сұлтан тұрғындары педофилдер туралы хабарлама таратып жатыр

33
Полиция хабарламаны жоққа шығарып, оның Нұр-Сұлтан қаласына еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде елордада "педофилдер тобы" бар екен деген хабарлама таралып жатыр.

Нұр-Сұлтан тұрғындары педофилдер туралы хабарлама алған. Хабарламада үш ер адамның суреті де жүр.

"Елордада мұндай факт анықталған жоқ. Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Нұр-Сұлтан полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді", - деп хабарлады полициядағылар.

Педофилдер тобы туралы дәл осындай хабарлама Шығыс Қазақстан тұрғындарын қорқытқан болатын. Өңірлік полиция ақпараттың Шығыс Қазақстан облысына қатысы жоқ екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Педофилдер туралы хабарлама Шығыс Қазақстан полициясын әбігерге салды

33
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, жалған ақпарат, хабарлама, педофил
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

963
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

963
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы