Архивтегі фото

Оқытушылардың жалақысын көбейту керек Аймағамбетов

1262
Министр 2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы екі есе, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есе өсетінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов университет оқытушыларының жалақысы өте төмен екенін мәлімдеп, оны ұлғайту қажет екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, 2019 жылы білім министрлігіне қарасты университеттер педагогтарының жалақысын 20%-ке көтерді. Ал былтыр тағы 20%-ке өсірді.

"Бұл жұмысты әлі де жалғастыруымыз қажет. Өйткені, шын мәнінде, бүгінгі күні жоғары оқу орындары педагогтарының жалақысы өте төмен. Мектептермен, колледждермен салыстырсақ, бәсекеге қабілетті емес. Сондықтан бұл жұмысты жалғастыру барлық ректордың алдында тұрған басты міндеттердің бірі екені белгілі", - деді Аймағамбетов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Оқи отырыңыз: Қазақстан 12 жылдық білім беруге 2023 жылдан бастап көшеді 

Сондай-ақ, ол 2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы екі есе өсетінін атап өтті. Магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есеге көтеріледі.

Кеңейтілген отырыста ұсынылған презентацияға сүйенсек, шәкіртақы:

  • бакалавр – қазіргі 26 186 теңгеден 2025 жылға дейін 52 372 теңгеге дейін;
  • магистранттар –  66 913 теңгеден 117 098 теңгеге дейін;
  • докторанттар – 150 000 теңгеден 262 000 теңгеге дейін.
1262
Кілт сөздер:
Асхат Аймағамбетов, жалақы, стипендия
Тақырып бойынша
Күрішбаев оқытушылардың жалақысын теңестіру керек деп санайды
Дариға Назарбаева мәжілісте өзін мазалаған мәселені көтерді
Сенат депутаттары кейбір дәрігерлердің мәртебесі мен жалақысын көтеруді ұсынды
Министр келесі жылдан бастап кімдердің жалақысы өсетінін айтты
Сенатор Тоқаевтың тапсырмасы орындалмағанын мәлімдеді 
Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшылары Тоқаевты құттықтап жатыр

122
Олар мемлекет басшысына зор денсаулық және бақыт тіледі, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде, деп хабарлайды Ақорда.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жеделхатында Тоқаевқа ұзақ өмір, зор денсаулық және оның аса жауапты қызметіне табыс тілеп, бауырлас Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірген. Сондай-ақ ол екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен.

"Екі ел арасындағы тату көршілікке, жақын достыққа, өзара құрметке және қолдау көрсетуге негізделген стратегиялық серіктестік ортақ саяси ерік-жігеріміздің арқасында соңғы жылдары мүлде жаңа деңгейге көтерілгені күмәнсіз. Біздің табысты байланыстарымыз бен ұзақмерзімді серіктестігіміз одан әрі дами беретініне сенімдімін", – делінген Өзбекстан басшысының жеделхатында.

Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделәзиз Әл Сауд және Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделәзиз Әл Сауд өздерінің жеделхаттарында Қазақстан президентін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, оған зор денсаулық және бақыт тілеген, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірген.

Тағы оқыңыз: Рамазан-2021: маңызды 10 сұрақтың жауабы

Сонымен қатар Қазақстан президентіне Қатар әмірі Шейх Тамим бен Хамад Әл Тәни, Иордания королі II Абдалла, Оман сұлтаны Хайсам Бен Тариқ, Кувейт әмірі Шейх Наваф әл-Ахмад әл-Джабер Әс-Сабах, Кувейттің тақ мұрагері Мишаль әл-Ахмед әл-Джабер Әс-Сабах, Бахрейн королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Марокко королі VI Мұхаммед, Египет президенті Әбдель Фаттах Әс-Сиси, Ирак президенті Бархам Салех, Палестина президенті Махмуд Аббас, Қатар шейхінің орынбасары Абдалла Бен Хамад Әл Тәни және Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Юсеф әл-Осеймин өздерінің құттықтау хаттарын жолдады.

Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні.

Пітір садақаның мөлшері жан басына 420 теңгені құрады.

122
Кілт сөздер:
Рамазан-2021, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Ақордада өткен кездесуде қырғыз президенті Тоқаевты таңғалдырды  
Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктегі ауыс-түйіс туралы айтты
Тоқаев жұмысын дұрыс атқармаған басшыны қызметінен босатуды бұйырды
Тоқаев кейбір салаларға қосымша қаражат бөлуді тапсырды
Прокуратура қызметкерінің формасы, архивтегі сурет

Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды

680
Аудандық прокуратура қызметкеріне ірі мөлшерде пара алды деген айып тағылды, тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында Байзақ ауданы прокуратурасының қызметкері пара үшін ұсталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Күдіктіні ұстауға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысындағы  департаменті де қатысқан. Прокуратура қызметкері 16 сәуірде ұсталды.

"Ол қомақты мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. Іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

680
Кілт сөздер:
прокуратура, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Мемлекетке 500 миллион теңге шығын келтірген қылмыстық топ ұсталды – видео
Петропавлда пара алып, тегін баспана ұсынған шенеунік ұсталды
Павлодарда "Жұмабектің бажасы" ұсталды – видео
Қостанайда 44 адамның атынан кредит алған алаяқ ұсталды