Қоғам

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам қайтыс болды

© Photo : Пресс-служба акимата Алматы Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек
Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2021
Жазылу
Науқастар арасында 239 адамның жағдайы ауыр, 51 науқас өте ауыр жағдайда жатыр. 36 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Бір күнде коронавирустан 9 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан бір адам қайтыс болды.

16 наурыздағы мәлімет бойынша, 19 375 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 163 пациент стационарда, 14 212 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда тағы 954 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды 

Жалпы науқастар арасында 239 адамның жағдайы ауыр, 51 науқас өте ауыр жағдайда жатыр. 36 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар өткен тәулікте 954 адамнан коронавирус анықталды, 7 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы Қазақстанда 225 685 адам коронавирусқа шалдықты, 2 865 адам қайтыс болды.

2020 жылдың бірінші тамызынан бері 49 817 адам пневмонияға шалдықты, 656 адам қайтыс болды.

 

Жаңалықтар
0