Қоғам

Алексей Цой коронавирусқа қатысты болжамды бөлісті

© Photo : СЦКАлексей Цой
Алексей Цой - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2021
Жазылу
Сәуір айында оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 500, ал пессимистік сценарий кезінде тәулігіне 1700 науқасқа дейін тіркелуі мүмкін, дейді министр

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық ахуалға қатысты болжамды бөлісті. Оған сәйкес, пессимистік сценарий кезінде сәуірде тәулігіне 1700 науқас тіркелуі мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқи отырыңыз: Тағы бір облыс коронавирустың "қызыл" аймағына енді 

Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобы 2021 жылдың соңына дейін эпидемиологиялық жағдайдың дамуына болжам жасады. Бұл ретте міндетті маска режимі, әлеуметтік арақашықтық және вакцинацияны қоса алғанда, қазіргі шектеу шаралары сақталуға тиіс.

"Оптимистік сценарий бойынша сәуір айында тәулігіне 500 науқасқа дейін тіркеледі деп болжануда. Ал пессимистік сценарий кезінде тәулігіне 1700-ге дейін баруы мүмкін", - деді Цой үкімет отырысында.

Ол вакцинацияның бірінші кезеңінде иммунитеттің пайда болуына уақыт кететінін, сол себепті екпенің тиімділігі аса қатты сезілмейтінін айтты.

Ал одан кейін вакциналаудың тиімділігі күшейіп, елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуына әсер етеді.

Жаңалықтар
0