Дәрісте отырған студенттер

Вице-министр кімдер колледжде тегін оқи алатынын айтты

116
Жыл сайын 9-сынып түлектерінің 30%-і және 11-сынып түлектерінің 50%-тен астамы ақылы оқуға түседі

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылова жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамтуға бағытталған жұмыс туралы баяндады.

Айтуынша, жыл сайын 9-сынып түлектерінің 30%-і және 11-сынып бітіргендердің 50%-тен астамы ақылы оқуға түседі.

"Біз жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамтуды кеңейтуіміз қажет. Бұл бағыттағы жұмыс 2017 жылдан бері жүргізіледі, 300 мыңға жуық адам алғашқы жұмысшы мамандығына тегін оқыды. Біз аудандық және қалалық әкімдіктермен бірлесіп, сұранысқа ие мамандықтар бойынша жастарды тегін техникалық және кәсіптік біліммен 100% қамтуға кезең-кезеңмен көшуді жоспарлап отырмыз. Бұл үшін 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыс көлемін 20 мыңнан 50 мың орынға дейін ұлғайту көзделуде", - деді Асылова мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында.

Ол бірінші кезекте 9-сынып түлектерін колледждерде тегін оқумен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Білім министрі колледжге оқуға түсетіндер үшін жақсы жаңалықты бөлісті

Бұған дейін 2021 жылы техникалық және кәсіптік білім беру саласында айтарлықтай өзгерістер болатыны хабарланды.

Колледждердің білім бағдарламалары кәсіптік стандарттар мен еңбек нарығының талаптары негізінде жұмыс берушілермен бірлесіп жаңартылады. Тиісінше колледждер студенттерді оқыту мерзімін өздері белгілей алады.

Мысалы, колледжге 9-сыныптан кейін түскен студенттер бұрынғыдай 3,6 жыл емес, екі жыл ғана оқиды. Ал 11-сыныптан кейін түссе, 2,6 жыл емес, бір жарым жыл оқиды.

Гранттар саны да кезең-кезеңмен артады.

116
Кілт сөздер:
колледж, тегін, Білім және ғылым министрлігі, студенттер
Токио-2020 Олимпиада эстафетасы

"Нағыз балуан!": желіде қазақстандық спортшының видеосы қызу талқыланып жатыр

819
(Жаңартылды 16:00 11.04.2021)
Татьяна Ахметова-Аманжол 2015 жылы сол аяғынан жарақат алған болатын. Жарақатына қарамастан ол Қазақстан құрамасына Токиода өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасын ұтып алды

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір - Sputnik. Қазақстандық спортшы Татьяна Ахметова-Аманжол Токио олимпиада ойындарының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды ұлттық олимпиада комитетінің сайты.

Алматыда әйелдер күресі бойынша Азия іріктеу турнирі өтті. Жартылай финал қорытындысы бойынша 53 келіге дейінгі салмақта Ахметова-Аманжол Токио ойындарына жолдама жеңіп алды.

Қазақстандық спортшының қарсыласы кореялық Хонгжу Ким болды. Татьяна қарсыласынан 11:1 есебімен басым түсті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Olympic Team (@olympickz)

"Жарақатым біраз кедергі келтіргені болмаса, жекпе-жек жақсы өтті. Мен өзіміз ойластырған жоспар бойынша әрекет еттім", - деді спортшы.

Татьяна 2015 жылы Ресейде өткен жекпе-жек кезінде сол аяғын жарақаттап алған болатын. Кейін ота жасалды. Видеода ескі жарақаты қайта сезілгені байқалады.

Оқи отырыңыз: Жапонияда жазғы Олимпиада ойындарының алау эстафетасы басталды – фото

Желі қолданушыларын спортшының күш-жігері таңдандырып, оған тезірек жазылып кетуін тіледі.  

"Осындай спортшылармен мақтанғанымыз жөн. Ерік-жігері мықты. Жарайсың! ", "Нағыз балуын", - деп жазды олар.

819
Кілт сөздер:
қазақ күресі, спорт
Тақырып бойынша
Басы дауға қалған Олимпиада чемпионы мән-жайды түсіндірді
Олимпиада уақытында өтеді, "Б" жоспары жоқ – Томас Бах
Олимпиада ойындарына дайындық кезінде спортшы найзағайдан көз жұмды
Жапонияда жазғы Олимпиада ойындарының алау эстафетасы басталды – фото
Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Рахимов уақытша шеттетілді
Екпе салдырып жатқан ер адам

Қазақстанда 313 мыңнан астам адам екпе салдырды: қай өңірлер көш бастап тұр

115
Вакцина қабылдаған адамдардың ең көбі – Алматы қаласында, ал ең азы – Маңғыстау облысында тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Бүгінге дейін Қазақстанда 313 611 адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Сондай-ақ, екпенің екінші дозасын елдің 104 889 тұрғыны салдырған.

Вакцина қабылдаған адамдардың ең көбі Алматы қаласында тіркелді (69 690 адам – бірінші дозасын, 14 328 адам – ​​екінші дозасын алды).

Одан кейінгі орында Түркістан облысы тұр (28 897 адам – бірінші, 11 569 адам – екінші дозасын салдырған). Рейтингтік көрсеткіштің содан кейінгі тізбегінде 28 341/8 606 дерегімен Нұр-Сұлтан қаласы орналасқан.

Екпе салдырғандардың ең азы – Маңғыстау облысында тіркелген. Бұл өкірдегі көрсеткіш – 6 691 және 1 072 адам.

Оқи отырыңыз: Екпе егілген қазақстандықтарда вакцинация паспорты пайда болды

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналау 1 ақпанда басталды. Екпені ең алдымен медицина қызметкерлері мен мұғалімдер және тәртіп сақшылары қабылдады. Ал сәуір айында көпшілік үшін екпе салдыру қолджетімдігілі артты.

115
Кілт сөздер:
екпе, вакцина
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Тақырып бойынша
Төрт ай бұрын коронавирусқа қарсы екпе салдырған қазақстандық сұқбат берді
Қиясов вакцина жайлы: екпе салдырғысы келетіндер өте көп
Балаларға екпе салу қашан басталады?
Коронавирусқа қарсы екпе қалай салынады – видео
Жаппай вакциналау тоқтатылады: Алматыда екпе салуға қатысты өзгеріс енгізілді
Нұр-Сұлтан

Қазақстанда 12 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 12-30 сәуірде өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

12 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде Қазақстан республикасының 2021 жылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы талқыланады. Отырыс PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00 – "Халықтан заңсыз сақтаулы қару-жарақты, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізу туралы" ішкі істер министрлігінің брифингі. Спикерлер: ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Милюк Алексей Казимирович, ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Ыдырысов Асылбек Түлкібекұлы. Брифинг тақырыбы бойынша сұрақтарды 9 сәуір сағат 18:30-ға дейін mvd_pr@mail.ru электронды поштаға немесе 8 705 440-83-65 нөміріне (WhatsApp) жолдауға болады.

11.00 – Елорданың оң жағалауындағы Елбасы кітапханасының музейінде "Адамға табын, жер, енді" халықаралық онлайн көрмесі өтеді. Көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп отыр. Сондай-ақ бұл шара Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуының 60 жылдығына және Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшуының 30 жылдығына арналған (Бейбітшілік көшесі, 11).

12.00 - Қазақстан Ғылым қызметкерлері күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Функционалдық материалдар және нанотехнологиялар", сондай-ақ "Функционалдық материалдарды кванттық-химиялық модельдеу" атты екі инновациялық білім беру-ғылыми зертханасы ашылады. Университеттің 25 жылдық мерейтойына арналған іс-шара ЖОО басшылығы мен физика-техникалық факультетінің ғалымдары және шақырылған профессорлардың қатысуымен өтеді. Өтетін орны: Қажымұқан көшесі 13, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, №3 ғимарат.

БАЙКОҢЫР

"Ғарыштағы алғашқы адамдар" мерекелік концерті. Шараға танымал музыканттар мен актерлер, симфониялық оркестр қатысады. Концерт Байқоңыр ғарыш айлағының №1 ұшу алаңындағы "Гагарин стартында" өтеді.

Концертті Ресей Федерациясының мәдениет министрлігі, Ресей Федерациясы президенті әкімшілігі және адамзаттың алғаш рет ғарышқа ұшуының 60 жылдығын атап өту бойынша ұйымдастыру комитетінің қолдауымен Бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радиотарату компаниясымен бірлесіп орыс концерт агенттігі ұйымдастырды. Жобаның көркемдік жетекшісі – ресейлік танымал музыкант Юрий Башмет.

Концерт сценографиясында заманауи айрықша технологиялық құралдар қолданылады. Салтанатты кеште әлемнің түрлі елінен келген танымал композиторлар ғарыш пен жаңа кеңістікті игеруге арналған музыкалық туындыларының таныстырылымын өткізеді.

30 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой есеп беру үшін халықпен кездеседі. Кездесуде министр ведомствоның 2020 жылғы жұмысын қорытындылайды және алдағы жоспарлар жайлы айтады, сондай-ақ азаматтардың сұрағына жауап береді. Есеп беру кездесуі министрліктің ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі. Министрге сұрақты мына электронды мекенжайға жіберуге болады: s.kopeev@dsm.gov.kz.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0