Қоғам

Sputnik Қазақстан жиі сілтеме жасалатын БАҚ-тың үздік үштігіне енді

© Sputnik / Алексей КуденкоСтудия радио Sputnik
Студия радио Sputnik - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2021
Жазылу
Рейтинг нәтижесі барысында әлеуметтік желілердегі материалдарға сілтемелер мен форумдардағы талқылаулар назарға алынды

АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Sputnik Қазақстан халықаралық ақпарат агенттігі 2021 жылдың ақпанында әлеуметтік медиада жиі сілтеме жасалатын қазақстандық БАҚ арасында үздік үштікке енді. Мұндай ақпаратты ТМД бойынша БАҚ пен әлеуметтік желіге мониторинг жүргізетін Brand Analytics жүйесі жариялады.

Үздік 30 тізіміне ақпарат агенттігі, желілік басылымдар, телеарна мен газет өкілдіктері, өңірлік және спорт тақырыбында материал жариялайтын БАҚ кірді. Талдау үшін жылдың 1-28 ақпаны аралығындағы деректер қолданылды.

"Жарияланған рейтингте Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік медиадағы танымалдығы зерттелді. Егер ақпарат қызық болса, желіде белсенді бөлісе бастайды", - делінген Brand Analytics хабарламасында.

Рейтинг қорытындысы бойынша Sputnik Қазақстан үшінші орында тұр. Заңнама және өзге де сала бойынша ақпарат жариялайтын Zakon.kz бірінші орында, екінші орында ҚазАқпарат ақпарат агенттігі тұр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Қазақстанның БАҚ рейтингісінің тізіміне 11 онлайн-басылым, 7 ақпарат агенттігі, телеарна, газет пен радионың 6 онлайн-өкілдігі, 4 өңірлік басылым, 2 спорт порталы кірді. 

Бұл рейтингті жасау үшін 2021 жылдың ақпанында жарияланған 2,15 миллиард сілтемеден тұратын әлеуметтік медиадағы 2,31 миллиард хабарламаға талдау жасалды.

Sputnik – әлемнің 90-нан астам қаласында мультимедиялық интернет-сайттарды 33 тілде жүргізетін, цифрлық радиохабар тарататын ірі халықаралық БАҚ-тың бірі. 

Sputnik жаңалықтар лентасыы тәулік бойы әлемдегі жетекші басылымдарға ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілдерінде ақпарат таратады. Sputnik ақпараттық ресурстарының аудиториясы айына 80 миллионнан астам оқырманды құрайды, Sputnik әлеуметтік желілеріндегі жазылушылардың жалпы саны 20 миллионнан асады.

Бішкектен Кишиневке дейін және Бейжіңнен Монтевидеоға дейін бүкіл әлем бойынша 24 редакция орталығында ондаған ұлттың мыңнан астам өкілі жұмыс істейді. 

Sputnik "Россия сегодня" медиа тобына кіреді. Sputnik-тің бас кеңсесі Мәскеуде орналасқан.

Жаңалықтар
0