Қоғам

Қазақстанның тағы бір өңірі "қызыл" аймаққа кірді

© AP Photo / Vincent ThianБетперде таққан адамдар, архивтегі сурет
Бетперде таққан адамдар, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2021
Жазылу
"Қызыл" аймаққа қайта оралған Батыс Қазақстан облысында өткен тәулікте індетке шалдыққан 81 адам тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың матрицасы жарияланды. Коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа Батыс Қазақстан облысы қайта кірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

18 наурызда бұл өңір қауіпті аймақтан шыққан еді, алайда өткен тәулікте облыста вирус жұқтырған 81 науқас тіркелді.

19 наурыздағы жағдай бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы.

"Сары" аймақта: Ақмола, Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары.

Қалған өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан.

Тағы оқыңыз: Коронавирус өрши түсті: комиссия жаңа дерек жариялады

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте Қазақстанда 1264 адамда ПТР-тест оң нәтиже көрсетті. Науқастардың дені Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысында анықталды.

17 наурызда республикада 1 186 науқас тіркелген еді.

Жаңалықтар
0