Қоғам

Коронавирус ұйқыға қалай әсер етеді – сарапшы пікірі

© Photo : СС0 / Claudio_ScottҰйқыдағы ару, архивтегі сурет
Ұйқыдағы ару, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2021
Жазылу
Бузуновтың айтуынша, коронавирустың өзі ауыр психологиялық стресс болып табылатындықтан, ол мазасыздық пен депрессияға және ұйқысыздыққа соқтыруы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Пандемияға байланысты өткен жылдың қыркүйек айынан кейін ұйқысыздыққа шалдыққан адамдар саны көбейе түскен. Бұл туралы Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, медицина ғылымдарының докторы әрі Ресей сомнологтар қоғамының президенті Роман Бузунов айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

"Егер өткен жылдың сәуірінде коронавирустан кейінгі ұйқысыздық туралы ешбір шағым айтылып, тіркелмеген болса, қыркүйекте бұл туралы айтыла бастады. Содан кейінгі кезеңде мұндай шағымдар күрт көбейді. Тіпті, 2021 жылдың наурызында дерт жұқтырғандардың ұйқысыздыққа қатысты 3-4 мың шағымы тіркелген", – дейді Бузунов.

Оның айтуынша, коронавирустың өзі ауыр психологиялық стресс болып табылатындықтан, ол мазасыздық пен депрессияға және ұйқысыздыққа соқтыруы мүмкін. Коронавирустың ұйқы орталықтарын зақымдайтындығы туралы пікірталас әлі де жалғасуда, деп атап өтті сарапшы. Алайда вирустың ұйқыны реттейтін орталықтарға тікелей әсері әлі дәлелденбеген.

"Коронавируспен ауырмаған, бірақ әлі де ұйқысыздықты сезінетін, соның ішінде "улы ақпараттық бұлттың" әсерінен стресстен зардап шегетін көптеген адамдар бар", – дейді Бузунов.

Негізінен ұйқының ұзақтығы 4-тен 12 сағатқа дейін болуы мүмкін. Күндіз ұйықтауға болады десек те, оның 45 минуттан аспағаны абзал.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар ұйқы кезінде мида не болып жататынын анықтады

Сарапшының айтуынша, адамның ұйқысы белгілі бір кесте бойынша тұрақталған болса, ағзаның тынығуы жақсарып, ақыл-ой мен күш-қуат та тез қалпына келеді. Сондай-ақ, ол ұйқы кезінде түс көруді шизофренияның белгісі деген сөзді жоққа шығарды.

Жаңалықтар
0