Қоғам

Алматыда белгісіз біреу "миналаған" мектеп саны 34-ке жетті

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы Мектеп ғимаратын тексеріп жүрген мамандар
Мектеп ғимаратын тексеріп жүрген мамандар - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2021
Жазылу
Таңертең 12 мектептің әкімшілігі белгісіз біреу ақша бермеген жағдайда оқу орнын жарып жіберетіні туралы хабарлама алғаны туралы ақпарат тараған

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Алматыдағы жалған терроризм шабуылының ауқымы өсті: түнде белгісіз біреу мектептердің электронды поштасына ақша бермеген жағдайда білім ордасын жарып жіберетіні туралы хабарлама жолдаған.

"Таңертең мұндай хабарлама 12 мектепке жіберілгені белгілі болды. Ал қазір олардың саны 34-ке жетті", – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Барлық мектепте сабақтар тоқтатылып, саперлар ғимаратты тексеріп жатыр.

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы Қоршауға алынған мектеп жанында тұрған полиция көлігі
Алматыда белгісіз біреу миналаған мектеп саны 34-ке жетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2021
Қоршауға алынған мектеп жанында тұрған полиция көлігі

Қазір 34 мектептің 18-і тексерілді. Ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.

Жалған терроризм үшін қандай жаза қарастырылады

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Мұндай қылмыс үшін 5 000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде (1 АЕК – 2 917 теңге) айыппұл салу көзделген немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады. Сондай-ақ, бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру да қарастырылған.

Аталған қылмыстың бұл түрі үшін жауапкершілік 14 жастан бастап қарастырылады.

Оқи отырыңыз: Қарағандыдағы жалған терроризм ісі: мұғалімнің анасы үкімнен бір күн бұрын көз жұмды

Сонымен қатар хат жолдаған адамның кім екенін анықтап, оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0