Наурыз мейрамы, архивтегі сурет

Шет мемлекеттер басшылары Қазақстанды Наурыз мейрамымен құттықтап жатыр

134
Қазақстан президенті мен халқын Наурыз мейрамымен Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Иран, Тәжікстан басшылары құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде, деп хабарлайды Ақорда.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин өзінің құттықтау жеделхатында Қытай мен Қазақстан ынтымақтастықтың әртүрлі саласында табысты нәтижелерге қол жеткізгенін және бұл екі мемлекеттің халқына зор пайда әкелгенін жазған.  Сондай-ақ, Си Цзиньпин келесі жылы екі ел де өзара орнатқан дипломатиялық қатынастарының 30 жылдығын атап өтетініне тоқталып, қытай-қазақ қатынастарын жаңа деңгейге көтеру мақсатында стратегиялық сабақтастықты одан әрі қолдап, тереңдетудің маңызды екенін айтқан.

"Мен қытай-қазақ қатынастарын дамытуға баса мән беремін. Сізбен бірге Қытай мен Қазақстан арасындағы дәстүрлі достықты нығайтып, екі елмен оның халықтарының игілігі жолындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету үшін күш жұмылдыруға дайынмын", – делінген ҚХР төрағасының жеделхатында.   

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев құттықтау хатында екі ел алдағы уақытта Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тұрақты дамып келе жатқан өзара стратегиялық серіктестікті кеңейте алатынына және достас екі халыққа ортақ мүддені көздейтін өте жақсы нәтижелерге қол жеткізетініне сенім білдірген.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы бауырластық қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықтың тату көршілік, стратегиялық серіктестік пен одақтастық негізінде екі халықтың мүдделерін көздей отырып, одан әрі нығаятыны және дамитыны жөнінде жазған.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон өз құттықтауында екі мемлекет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа бағытталған қарым-қатынастар қастерлі Наурыздың мәңгілік дәстүрі негізінде қарыштап дамып, кеңейіп, жаңа мән-мазмұнмен тереңдей беретініне сенім білдірген.

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов жеделхатында Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бауырлас Қазақстан халқына бақыт, шаттық және жаңа табыс тілеген.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің жолдаған құттықтау хатында Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар Наурыз құндылықтарын өте қатты қастерлейтін халықтарымыздың ерік-жігерінің арқасында кеңейіп, нығая береді деп сенемін делінген.

Армения президенті Армен Саркисян берік достық пен өзара түсіністікке негізделген Армения мен Қазақстанның  жан-жақты қатынастары дәйекті түрде одан әрі дами беретініне сенім білдірген.

Иран президенті Хасан Рухани өзінің жеделхатында Наурыз екі мемлекеттің халықтары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, әлемнің барлық еліне қуаныш, игілік, тыныштық әкеледі деп үміттенетінін айтқан.

Израиль президенті Реувен Ривлиннің жеделхатында Наурыз бен Пасха мерекелерін тойлау сияқты бабаларымыздың ежелгі дәстүрлері екі елді жақындастырады және екіжақты қарым-қатынастарды нығайтудың берік негізі болады деп жазылған.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, достық қатынастарды, бірлік пен экономикалық өсімді қолдауға бағытталған ірі аймақтық бағдарламалар мен жобалар аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін нақтылаған.

Палестина президенті Махмуд Аббас Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, бақыт тілеп, бауырлас Қазақстан халқының берекесі артып, өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірген.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Владимир Норовтың жеделхатында күн мен түн теңелетін көктем мерекесінің адам мен табиғат арасындағы өзара үйлесімге ықпал етіп, достық пен ынтымақтастықтың алтын көпірі болатыны, сондай-ақ, мәдениеттер мен өркениеттер диалогын байытып, дамытатыны, қауіпсіз әрі гүлденген болашақ қалыптастыруға септігін тигізетіні, оның "Шанхай рухы" қағидаттарына толық сай келетіні айтылған.

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бас хатшысы Станислав Зась Қазақстанның ҰҚШҰ аясындағы одақтастық іс-қимылдар механизмін нығайтуға, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттердің халықаралық және өңірлік алаңдардағы күш-жігерін үйлестіруге қосқан елеулі үлесін атап өткен.

ТМД Дінаралық кеңесінің теңтөрағасы Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-уль-ислам Аллахшүкір Паша-Заденің жеделхатында  Наурыз мерекесі Алла Тағаланың бізге берген нығметі және табиғат пен тіршіліктің қайта түлеп, көктемгі күн мен түннің теңелетін қуанышты сәті екені айтылған. Сонымен қатар ол әрбір отбасына бейбітшілік, құт-береке тілеп,  барша Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірген.

134
Кілт сөздер:
құттықтау, Қасым-Жомарт Тоқаев, Наурыз мейрамы
Тақырып бойынша
Пандемиядағы екінші Наурыз: мамандар қалай тойлау керектігін айтты
Шетелде туып-өскен қазақтар атамекеніндегі Наурыз мейрамына қатысты пікір білдірді
Наурызды жаңаша атап өту қажет – Тоқаев
Наурыз мейрамында ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы
Марат Омаров

"Ол өтірік қой": Марат Омаров желіні шулатқан видеоға түсініктеме берді

2033
(Жаңартылды 19:48 12.04.2021)
Тойға келген қонақтардың арасында волейболшы Сабина Алтынбекова мен әнші Қайрат Түнтеков те жүр. Желі қолданушылары композитор Зульфия есімді қызын ұзатқанын жазып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Әлеуметтік желіде танымал әнші әрі композитор Марат Омаров қатысқан тойдың видеосы тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Видеодан жас жұбайларды көруге болады. Ал келесі кадрда олар Марат Омаровпен суретке түсіп жатыр. Желі қолданушылары композитор Зульфия есімді қызын ұзатқанын жазып жатыр. Ал қонақтардың арасында волейболшы Сабина Алтынбекова мен әнші Қайрат Түнтеков жүр. Тойдың шағын құрамда өткенін байқауға болады.

Sputnik Қазақстан тілшісі композитордың өзіне хабарласып, мән-жайды білді. Марат Омаровтың айтуынша, видеоға монтаж жасай салған.

"Ол өтірік қой, монтаж ғой. Менің тойым емес", - деді Омаров.

Айта кетейік, Марат Омаров "Анашым", "Әке арманы", "Қыз сыны", "Әнші балапан", "Арман қала – Астана" және тағы басқа әндерді жазған. Ал коронавирус пандемиясы басталғанда "Коронавирус, кет, кет, кет" композициясымен танылды. Халық арасында осы ән хитке айналған.

2033
Тақырып бойынша
Қайрат Нұртас жауапкершілікке тартылуы мүмкін
"Хит ән шығармаймын": Өнер адамдары қалай күн көріп жүргендерін айтты
"Бала-шағамды зейнетақымен асырап отырмын": Роза Рымбаева карантиндегі өмірі жайлы
"Еденге жатқызуға орын болмады": Рамазан Стамғазиев інісінің қалай көз жұмғанын айтты
Қайрат Нұртастың басы тағы да дауға қалды
Архивтегі фото

"Қиналып кеттім": қазақстандықтар жалғызбасты әкеге бір бума ақша жинап берді видео

872
(Жаңартылды 19:47 12.04.2021)
Вячеслав Дружининнің банк картасы жоқ болғандықтан қайырымды жандар жарты миллион теңгеден астам ақшаны оның қолына берді

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Әлеуметтік желіде дөңгелек ауыстыру бекетінде тұратын жалғызбасты әкенің үндеуі тарады. Ұлты орыс Вячеслав Дружинин қазақ тілінде көмек сұраған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Осындай жағдайға түсіп қалдым. Әйелім қайтыс болды. Қырқы өтті. Балам ДЦП-мен ауырады. Жағдайым қиын, пәтерді төлемегеніме үш ай болды. Жұрт батаға берген ақшаға баланың тамағын алдық, қиналып кеткеннен кейін осында жұмысқа шықтым", - дейді елордалық Дружинин.

Жалғызбасты әке баласының жататын жерін де көрсетті. Дөңгелек ауыстыратын бекеттің түкпірінде кішкентай кереует орнатып қойған. Сонда баласын жатқызады. Ал кірген адамдар көрмесін деп, шымылдықпен жауып қояды. Өзі де сол жерде жатып жүр.

"Времянкаға" ақша төлей алмай жатырмын. Кім көмектесе алады, Алла разы болсын! Жаман қиналып кеттім", - деп атап өтті Дружинин.

Жазбаның жарияланғанына бір тәулік те болған жоқ. Қазақстандықтар жарты миллион теңгеден астам ақша жинап, жалғыбасты әкеге апарып берді. Оның банк картасы жоқ екен. Кредит алып, 320-330 мың теңге қарыз болып қалған.

Вячеслав қаржылай көмек берген барша қазақстандыққа өз ризашылығын білдірді.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің мәліметінше, Вячеслав Дружининнің кәмелетке толмаған ұлы қажетті медициналық көмекті толық көлемде алып отыр. Қазіргі уақытта бала №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында емделуде.

"Ауруханадан шыққаннан кейін медициналық тексеріс нәтижесіне сәйкес, баланың қай оңалту орталығында одан әрі ем алатыны белгілі болады. Әкесі Вячеслав Дружинин ай сайын 125 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы алып отыр", - делінген хабарламада. 

Қала әкімдігі балаға қажет, заңмен белгіленген медициналық және әлеуметтік көмекті толыққанды көрсетіп отыр. Отбасының тұрғын үй мәселесі тек заң аясында шешіледі, дейді әкімдіктегілер.

872
Газодобывающее предприятие, архивное фото

Еуропаға газды кім жеткізеді: Ресей ме, АҚШ па?

0
Осы жылы алыс шетелге газ экспорттаудан "Газпром" табысы 1,7 есе, яғни 42 миллиард долларға дейін ұлғаяды, деп жазды VYGON Consulting

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Ұзаққа созылған қыс еуропаның газ қоймаларын бос қалдырды. Газ қорының үштен бір бөлігі ғана қалды. Америкалықтар осы мүмкіндікті пайдаланып, көп көлемде сұйылтылған газ ұсынды. Алайда коронавирус дағдарысы Еуропаға мұхиттың арғы жағынан келетін қымбат газға шығындалуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан ресейлік шикізатты сатып алуға тура келіп отыр, деп жазды РИА Новости.

Күзде және қыста еуропалықтар 65 миллиард текше метрден астам газ тұтынды. Бұл он жылдық максимумға тең. Бұл туралы Газпром GasInfrastructureEurope-ке сілтеме жасап хабарлады. Алдыңғы жоғары көрсеткіш 2018 жылы болған. Ол кезде ақпан-наурызда Еуропаны қалыптан тыс аяз бен қар жауып қалды.

Ауа райы биыл да тосын мінез көрсетті. Қаңтарда Газпромға аяз құрсауында қалған Еуропаға жеткізілімдерді шұғыл көбейтуіне тура келді. Компания Германияға 32,4 процентке, Францияға 77,3 процентке, Нидерландыға 21,2 процентке, Италияға 100 процентке әдеттегіден артық газ жіберді.

Сонымен қатар суықтың беті қайтпаған Азияға да экспорт артты. Нәтижесінде нарықта тапшылық пайда болып, бұл споттық бағаның шарықтауына алып келді. Ол бойынша тауарлар, бағалы қағаздар немесе валюта шұғыл жеткізу шарты бойынша сатылады.

Мысалы, Азияда баға кесімі мың текше метр үшін 1 000 доллардан асқан сәт болды. Кейбір мәмілелер 1400 бағасы бойынша жасалды. Еуропада баға 300 доллар болып белгіленді. Ал "Газпромның" 2021 жылға арналған бюджетінде 170 деген баға көрсетілген.

Нәтижесінде алыс шетелге жөнелтілген ресейлік экспорт 19,5 миллиард текше метрге дейін артты. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 46 процентке көп.

Ақпан айында да ауа райы қуанта қоймады. Осы айда үш күн қатарынан еуропалық қоймалар тәулігіне миллиард текше метр жіберіп отырды. 25 наурызға қарай қоймадағы газ қорының көрсеткіші 29 процентке дейін түсті. Германия мен Автрияда – 26, Нидерландыда – 23, Францияда – 17.

Алдағы қыста суықтан қорғану үшін еуропалықтарға өткен жылғыдан 57,3 процентке артық газ өндіру қажет. Бұл 2020 жылы Франция мен Нидерландыға жеткізілген экспорт көлеміне тең. Қоймаларды толтыру бойынша басталған газ өндіру науқаны 2011 жылғыдан кейінгі ең ауқымды шараға айналмақ.

Еуропа нарығындағы ресейлік шикізаттың үлесі 2020 жылы шамамен 33 процентті құрады. Бұл жөнінде "Газпром экспорт" бас директоры Елена Бурмистрова мәлімдеді. Оның айтуынша, "үшінші тоқсанда-ақ экспорт көлемі дағдарысқа дейінгі көрсеткіштен асып түсті". Импорттаушылар алдындағы барлық міндет толық орындалды. Жыл соңына қарай келісімшарт бойынша баға еуропалық хабтардағы споттық бағадан төмен болды. Бұл да қосымша жеткізулерді орындауға ықпал етті.

Еуроодаққа көгілдір отын Ресейден бөлек Норвегия, Катар, Алжир, АҚШ пен Нигериядан жеткізіледі. Басты тұтынушылар – Германия, Ұлыбритания және Италия. Немістер мен ағылшындар ресейлік газды "Солтүстік ағын" құбыры арқылы алып отыр. Басқа амал жоқ. Әрине сұйылтылған табиғи газға ауысуға болар еді. Бірақ ол тым қымбат. Сонымен қатар ол үшін арнайы терминалдар керек. Ал Германияда мұндай техника қарастырылмаған. Сұйылтылған табиғи газ ол елге Бельгия мен Нидерланды арқылы жеткізіледі.

Италия мен Ұлыбританияда қажетті терминал бар. Бірақ олар да құбыржол газынан бас тартуға асығар емес. Сол себепті ресейлік энергия ресурсын сатып алушылар АҚШ-тың "Солтүстік ағын – 2" жобасына қарсы ашқан соғысын қолдамай отыр. Жалпы ресейлік жобаның қарсыластары аз емес. Олардың қатарында Чехия, Польша, Венгрия, Словакия, Румыния, Хорватия бар.

Жалпы Варшава 2022 жылға қарай Ресей газынан бас тартуға дайын екенін бұған дейін мәлімдеген болатын. Поляктар Солтүстік теңізде норвегиялық қайраңдағы Baltic Pipe құбырына үміт артып отыр.

Жалпы дағдарыстың беті әлі қайта қойған жоқ. Ал сұйылтылған табиғи газ баяғыдай құбыржол газынан қымбат болып тұр. Оның үстіне "Газпром" бәсекелестеріне қарағанда өндіріс көлемі мен тәуліктік жеткізу көлемін өте жылдам арттыра алады.

Г.В.Плеханов атындағы РЭУ доценті Александр Тимофеев "Солтүстік ағын" жобасының өзін-өзі ақтауы әлі де нақты болмағандықтан, батысеуропалық бағыт басымдықта тұр деп санайды.

"Ұзаққа созылған қыс сұранысты арттырды. Бұл күзге қарай бағаның қымбаттауына алып келеді", - дейді ол.

Ресей ЖЭК даму мәселелері жөніндегі тәуелсіз кеңесшісі VYGONConsulting пікірінше, осы жылы "Газпром" алыс шетелге жөнелтетін экспорт көлемін 210 миллиард текше метрге дейін арттыра алады. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 17 процентке, коронавирус дағдарысына дейінгі 2019 жылғыдан 5,5 процентке артық.

Осылайша бірінші тоқсанда "Газпромның" экспорты 30,7 процентке өсті.

"Бұған дейін жабдықтаушы бюджетке мың текше метр газ үшін 170 доллар көлеміндегі бағаны көрсеткенін ескеру керек. Бірақ содан кейін жоспарлар қайта қаралды. Енді орташа жылдық баға 200 доллар деп болжануда. Себебі ұзақ мерзімді келісімшарттар көбіне еуропалық споттық бағаларға тәуелді. Оның үстіне газ бағасы тікелей тәуелді мұнай бағасы да шарықтап кетті. Сондықтан "Газпром" өз тұтынушыларын жоспарының негізді екеніне сендіре алуы әбден мүмкін", - дейді TeleTrade ақпараттық-талдау орталығының бас экономисі Марк Гойхман.

Жалпы газ бағасы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін де қымбаттай берді. Қазір нидерландтық TTF (Title Transfer Facility Natural Gas Price Index) хабындағы спотта мың текше метр газ бағасы 252 доллар. Бұл 2018 жылдан бері ең жоғарғы көрсеткіш.

Нәтижесінде осы жылы алыс шетелге газ экспорттаудан "Газпром" табысы 1,7 есе, яғни 42 миллиард долларға дейін ұлғаяды, деп жазды VYGON Consulting. Ал бұл Ресейдің мемлекеттік бюджетіне майдай жағады.

0