Алматы, қала көрінісі

Алматыда қандай жағдайда толық локдаун енгізіледі

221
Бүгінде мегаполисте тәулігіне 400-ден астам адамда ПТР тест оң нәтиже көрсетеді, 500-ден аса науқас ауруханаға жатса, толық локдаун енгізу мәселесі қаралады

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада қандай жағдайда толық локдаун енгізілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Егер тәулігіне ауруханаға 500-ден астам науқас түссе, онда толық локдаун енгізу мәселесі қаралады", - деп мәлімдеді ол брифингте.

Қазір Алматы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр. Қалада тәулігіне орта есеппен вирус жұқтырған 300-400 адам тіркеледі, індетке шалдыққандар саны күн сайын артуда.

"Бізде төсек-орын қоры әлі жеткілікті. Қазір төсек-орындардың 50%-і бос емес. Бізде әлі 4 мыңға жуық төсек-орын қоры бар, оларды қажет жағдайда жұмылдыра аламыз. Біздің міндетіміз – барлық деңгейде медициналық көмек көрсете алуымыз үшін денсаулық сақтау жүйесінің күйреуін болдырмау", - деді Бекшин эпидемиологиялық жағдайға арналған шұғыл брифингте.

Бұған дейін бас санитар дәрігер Алматыда қатаң карантин енгізілетінін айтты. Сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, азық-түлік емес базарлар 21 мен 28 наурыз аралығында толығымен қызметін тоқтатады.

221
Кілт сөздер:
Алматы, Жандарбек Бекшин, карантин, коронавирус
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (880)
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда локдаун енгізіледі
Алматы облысында демалыс күндері толық локдаун енгізіледі
пойыз жүргізушінің кабинасы

Желіде пойыз жүргізушісінің вакцинадан кейін құлап қалғаны туралы ақпарат тарады

34
(Жаңартылды 22:39 15.10.2021)
Компанияның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында вакциналау нәтижесінде машинистің құлағаны туралы ақпарат жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Әлеуметтік желіде тәуекелі бар жұмыстарды орындайтын адамдарды екпе салдырмауға шақыратын хабарлама тарады.

Бұған мысал ретінде олар теміржол вокзалында жерге құлаған пойыз жүргізушісін келтіріп отыр. Видео авторының айтуынша, машинист COVID-19 қарсы вакцина алған.

Видеоның түпнұсқасы 9 қазанда BitChute видео хостингінде жарияланды. Портал зорлық-зомбылыққа, нәсілдік және діни негізде жеккөрушілікке шақырып, қастандық теорияларын таратуымен танымал. 

Видео авторының айтуынша, бұл оқиға Хьюстонда болған. MetroHouston қалалық көлік қызметінің ресми сайтында да бұл туралы жазылмаған, деп хабарлады stopfake.kz

"Видеоның шығуына қатысты және кадрларда не болып жатқандығы туралы сенімді ақпарат жоқ. Роликтің авторы белгісіз. Оның үстіне, видеода пойыз жүргізушісінің құлаған сәті көрінбейді. Ол сүрініп кетті немесе вакцинамен байланысты емес аурумен ауыруы мүмкін деп пайымдауға болады", - деп жазды сайт.

Компанияның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында да вакциналау нәтижесінде машинистің құлағаны туралы ақпарат жоқ.

Компанияның ресми сайтында COVID-19 жұқтырған қызметкерлер туралы хабарламалар ұдайы жаңартылып отырады. Соңғы ақпарат 7 қазанда жарияланған. Онда федералды заңға сәйкес, көлік компаниясының барлық қызметкерлері жолаушылар сияқты, бетперде тағуға тиіс делінген. Мәтінде қызметкерлерді міндетті түрде вакцинациялау туралы айтылмаған.

Оқи отырыңыз: 

34
Кілт сөздер:
пойыз, вакцина, әлеуметтік желілер
Нұр-Сұлтан келбеті

+23°C жылы: Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады

1620
Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде демалыс күндері жел күшейіп, шаңды дауыл болады

АЛМАТЫ, 15 қазан – Sputnik. Қазгидромет мамандары 16-18 қазанға ауа райы болжамын жариялады.

Оған сәйкес, алдағы демалыста бүкіл республика бойынша құрғақ, жылы ауа райы қалыптасады. Тек елдің батыс бөлігінде жаңбыр жауады.

Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде демалыс күндері жел күшейіп, шаңды дауыл болады.

Ауа температурасы күндіз республиканың батысында, солтүстік-батысында +12...+22°C жылы, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында +13...+20°C жылы, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +13...+23°C жылы болады.

Мегаполистегі ауа райы

Алматыда 16-18 қазан аралығында күн ашық болады. Ауа температурасы түнде +5...+8°C, күндіз +14...+15°C көрсетеді.

Ал елордада күн ашық, ауа температурасы түнде -1°C, күндіз +10...+12°C болады. Тек 17 қазанда күн бұлтты болуы мүмкін.

Шымкентте үш күн қатарынан күн ашық болып, ауа температурасы түнде +5...+6°C, күндіз +20...+22°C көрсетеді.

Оқи отырыңыз:

 

1620
Кілт сөздер:
ауа райы, демалыс күндері
жер

Жері заңсыз сатылып кеткен университет маңындағы тұрғындар үйсіз қалудан қорқады

0
(Жаңартылды 23:29 15.10.2021)
Халық университет мен әкімдік арасындағы соттың шешімі дұрыс болмай, үйсіз қаламыз деп үрейленіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Қазақ ұлттық қыздар  педагогикалық университетіне тиесілі жерді заңсыз саудалағандар ұсталды, деп хабарлады "Астана" телеарнасы. 

Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі күдіктілердің 9 гектар жер телімін сатқандарын мәлімдеді.

Ал талан-таражға кеткен учаскілерді кезінде сатып алып, үй салған халық қайда барарын білмейді. Жер телімдері тұрғындарға 3 жыл бұрын сатыла бастаған. Учаскілерді олар заңды құжатпен алғандарын айтады.

Халық ҚызПУ мен әкімдік арасындағы соттың шешімі дұрыс болмай, үйімізді тартып ала ма деп үрейленеді.

"Өзім 2019 да алдым жерді. Наурызда келіп фундамент құйдым. 80 процент халық тұрады осы жерде. Газ, су жүргізілді, өзіміздің ақшамызға жолды жөндеттік. Әр үй 40 мың теңгеден шығардық", - дейді Кемертоған ауылының тұрғыны Алмас Нұртазин.  

Ал облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі жерді заңсыз сатқандарды анықтады. Күдікті ретінде білім ордасының бұрынғы қызметкері, "Азаматтарға арналған үкімет" облыстық филиалының Қарасай аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімі, Қарасай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшылары ұсталған.

"Біз де жәбірленуші тараптанбыз. Университеттің балансындағы меншік жоғалып отыр", - дейді университеттің ресми өкілі Жандарбек Асан.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі агенттігі күдіктілерге қатысты тиісті тергеу шаралары жүріп жатқанын айтты.

Білім ордасының басшылары тергеу амалдарының әділ жүргізілетіне үмітті. Ал халық маңдай терімен алған жер телімінің бір қарысын да қайтармауға бекінген. Олар енді қол жинап президент атына хат жазбақшы.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
жер, заң бұзу, видео
Тақырып бойынша
Қазақстанда тағы бір университет бас лицензиясынан айырылды
Қазақстанда 3,5 мыңға жуық студент оқыған университет жабылды
Вакцина салдырған студенттерге сыйлық беретін университет көбейді
Тағы бір университет жабылудың аз-ақ алдында тұр