Қоғам

"Барахолкада аяқ киім саттым": әнші Жазира Байырбекова оқырмандарына жауап берді

CC0 / Жанболат Ербатыровтың жеке архивінен / Жанболат пен Жазира, қазақ эстрадасының жұлдыздары
Жанболат пен Жазира, қазақ эстрадасының жұлдыздары - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2021
Жазылу
Танымал әнші бір үйде 20 шақты адамның төсегін салып, тамағын істеп, ыдысын, кірін жуған кездерін еске алды

АЛМАТЫ, 22 наурыз – Sputnik. Әнші Жазира Байырбекова желіде жазба жариялап, бір кездері ауылда тұрғанын, базарда аяқ киім сатқанын айтты.

"Ауылда тұрсаң көрер едім" дейді біреу. Мен ауылда тұрдым ғой. Сиырды да сауып көрдім. Сиырың болса сауғанның несі жаман. Бір үйде 20 шақты адамның төсегін салып, тамағын істеп, ыдысын, кір машинасыз қолмен кірін жуған кездерім де болды", - деп жазды ол.

Оқи отырыңыз: Жазира мен Жанболат 22 жылдан кейін сәбилі болды 

Айтуынша, Жазира Байырбековаға "біз сияқты базарда тұрсаң көрер едім" деп жазатындар да бар.

"Мен барахолкада аяқ киім саттым. Одан кейін Жәкең (Жанболат Ербатыров – Sputnik) екеуміз жеміс-жидек саттық. Таңғы сағат 7-8-ден түнгі сағат 11-ге дейін ашық базарда тұратынбыз. Бізде бір ұл, бір қыз деген аты ғана. Үйде 10 шақты адам тұрамыз, жүреміз", - дейді Байырбекова.

Ол сондай-ақ әлеуметтік желіде шаршап не ауырып тұрғанын көрсетпейтінін жеткізді.

"Осы қыздың проблемасы жоқ, отбасы, бала-шағасы қасында, аман есен. Ақшасы жеткілікті, бизнесі көп, бақыттан басы айналып, тек қыдыруды ойлайды" дейді біреу. Ол енді рас... Айтқандарыңыз келсін. Маған жақсылықты кейбіреулер осылай тілейді", - деп жазды Байырбекова.

Айта кетейік, әнші жұп Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекованың бір ұл, бір қызы бар.

Жаңалықтар
0