Қоғам

Қайрат Нұртас жауапкершілікке тартылуы мүмкін

© Sputnik / Владислав ВодневҚайрат Нұртас
Қайрат Нұртас - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2021
Жазылу
Әлеуметтік желілерде Семей мейрамханасының бірінде қазақстандық эстрада жұлдызының қатысуымен өткен іс-шараның видеосы тарап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Семей қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері қаладағы мейрамханалардың бірінде өткен той-жиынның мән-жайын анықтап жатыр. Видеода танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртас та қонақтар арасында көрінеді, деп хабарлайды жергілікті yk-news.kz порталы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАЗАХСТАНСКИЕ НОВОСТИ KZ🇰🇿 (@kazpress.kz)

"Танымал әншіге қатысты видео 23 наурыздан кейін әртүрлі желілерде жариялана бастады. Ал мемлекеттік бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес республика аумағында бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Қазіргі кезде қазақстандық әншінің қатысуымен өткен жиынға баланысты мейрамхана иесі мен лауазымды тұлғаға қатысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны туралы полициядан алынған материалдар негізінде тиісті шара қабылдау мәселесі қарастырылып жатыр", – делінген Семей қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.

Ал Instagram желісінің қолданушылары жарияланған видеодағы той иесі Семей қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы екені айтылады.

"Бүгін "Жібек жолы" мейрамханасында Семей қаласының мамандандырылған ХҚКО-ның басшысы Ержан Тілеужанов той өткізді. Тойға Қайрат Нұртас келді. Ол Қайраттың жанында көк костюммен отырған адам", – деп жазылған видео астына жазылған пікірлердің бірінде.

Аталған фактіге орай, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп, тексеру жұмыстарын жүргізуде. Соның аясында карантиндік шектеулерді бұзушылар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша жазаға тартылады. Оларға ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: "Анамның жетістігі". Қайрат Нұртас фильмінің Америкада көрсетілгенін айтып мақтанды

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, карантиндік шектеу кезінде өткен мерекелік іс-шараның барлық қатысушыларымен бірге Қайрат Нұртасқа қатысты да әкімшілік материалдар жиналған.

Жаңалықтар
0