Қоғам

Бір тәулік ішінде 1 100 адам COVID-19 жұқтырды

© AP Photo / Anupam NathМедик держит в руках шприц с вакциной от коронавируса
Медик держит в руках шприц с вакциной от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2021
Жазылу
Ең көп жағдай тағы да Алматыда анықталып отыр, үш жүзден астам тұрғыннан коронавирус табылды. Қызылорда облысында бірде-бір жағдай тіркелген жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1 100 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды.

Ең көп жағдай тағы да Алматыда анықталып отыр, үш жүзден астам тұрғыннан коронавирус табылды. Қызылорда облысында бірде-бір жағдай тіркелген жоқ.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 185,
  • Алматы қаласы - 330,
  • Шымкент қаласы - 35,
  • Ақмола облысы - 50,
  • Ақтөбе облысы - 54,
  • Алматы облысы - 108,
  • Атырау облысы - 82,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 19,
  • Жамбыл облысы - 12,
  • Батыс Қазақстан облысы - 48,
  • Қарағанды облысы - 98,
  • Қостанай облысы - 40,
  • Маңғыстау облысы - 2,
  • Павлодар облысы - 28,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 7,
  • Түркістан облысы - 2.

Жалпы пандемия басталғалы ел бойынша ауырғандар саны 237 300.

Жаңалықтар
0