Хәзірет Сұлтан мешіті

Күнәдан тазару: Бараат түнін қалай өткізу керек

20317
Бараат – мұсылмандар үшін ерекше түн, сондықтан осы түнді барынша құлшылықпен, дұғамен өткізген жөн әрі Алланың алдында ұнамсыз амалдардан тыйылу қажет

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Ертең күллі мұсылман қауымы қасиетті Бараат түнін қарсы алады. Биыл Бараат түні 28 наурыздан 29 наурызға қараған түнге түсіп тұр.

Бараат – Шағбан айының он бесінші түні. Бұл түн – кешірім түні деп те аталады. Өйткені, осы түні Жаратушы ғибадат еткендерді рақымына бөлеп, тәубесін қабыл алып, күнәларын кешіреді, мейіріміне бөлейді.

Тағы оқыңыз: Діни мерекелер күнтізбесі - 2021

"Бараат – күнәлардан тазарып, оттан құтылуға мүмкіндік беретін, дұғалар қабыл болатын, кері қайтарылмайтын берекелі түн. Бұл түнде Алла Тағала кейбір адамдарды бақытқа кенелтіп, кейбірін мейірімінен ұзақтатады, бірінің дәрежесін көтеріп, бірін түсіреді, біреуін сыйлыққа жетелейді, тағы бірін одан құр қалдырады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Бес түнді ұйықтамай құлшылықпен өткізген адам міндетті түрде жәннатқа кіреді. Олар – Тәруия, Арапа, Құрбан айт, Ораза айт және Шағбанның он бесінші түндері" деген", - дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл.

Бараат түні не істеу керек

ҚМДБ өкілі мұсылман қауымы берекелі Бараат түнін қалай қарсы алуы керек екенін айтты.

Бірінші – құптан мен таң намазын жамағат болып оқу. Ең алдымен, парыз намаздарды оқып, сосын сүннет және мұстахаб ғибадаттарды орындаған абзал. Бараат түнінде көп ғибадат жасау керек.

Екінші – күнә істерден арылу.

"Ана-ананы сыйлау, туыстармен байланысты үзбей, олардың қал-жағдайын сұрау, науқас адамдардың көңілін сұрау, бала-шағаға үлгі-өнеге болу арқылы да күнәлар кешірілуі мүмкін. Сондай-ақ, біз кез-келген қастандықтан, арамдықтан, ашудан, мақтаншақтық пен өркөкіректіктен бойымызды аулақ ұстауымыз қажет. Әйтпесе Алла Тағала бізді тазарудан алыстатады", - деді Хасан Аманқұл.

Үшінші – тәубе ету және истиғфар айтуға көңіл бөліп, түрлі бидғаттардан сақтану.

Бұл түні мұсылман адам өз өмірі мен жыл бойы істеген істерін електен өткізіп, ойлануы керек. Егер қателік жасағанын түсінсе, Құдайдан кешірім сұрап, оны түзетуге тырысқаны абзал. Егер біреуді ренжітсе немесе біреумен араздасып қалса, одан кешірім сұрап, достасуы керек. Егер біреуден қарыз алып, оны қайтармай жүрсе, дереу берешекті қайтарудың жолын табуы қажет.

Төртінші – өзі және мұсылман үмметі үшін қайырлы дұға жасау.

Қасиетті Бараат түні Алла Тағала дұғамызды қабыл етеді деген үміт бар. Сол себепті әрбір мұсылман бұл түнді бағалай білуі керек. Бұл түні мүміннің жүрегінде өзге адамдарға деген ашу-ыза болмауы қажет, өзгелерді кешіріп, оларға жақсылық тілеуі тиіс.

Бесінші – шамасына қарай зікір айту, нәпіл намаз оқу, Құран тиләуат ету.

Нәпіл намаз жамағатпен оқылмайды, әркім өзі жеке оқиды. Ал Құран оқу осы түні атқарылар пайдалы құлшылықтың түріне жатады.

Алтыншы – Шағбан айының он бесінші күні ораза ұстау.

"Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: "Шағбан айының жартысы толған түнді құлшылықпен өткізіңдер. Күндіз ораза ұстаңдар. Өйткені Алла Тағала күн ұясына батқан шақта: "Кешірім тілеуші бар ма, кешірейін. Ризық сұраушы бар ма, ризық берейін. Ауру-сырқауға ұшыраған бар ма, шипасын берейін", – деп, таң шапағы атқанға дейін рақымын төгеді. Бұл күні ораза тұту – мұстахаб. Ал ораза ұстамаған адам күнәһар болмайды", - деді Хасан Аманқұл.

Шағбан айының 15 күні күндіз ораза ұстап (28 наурыз), түнін (Бараат түні, 29 наурыз) ғибадатпен өткізгеннің сауабы мол.

20317
Кілт сөздер:
Алла, құлшылық, түн
Тақырып бойынша
83 жыл құлшылық етумен тең: Қадір түнін қалай өткізу керек? - видео
Қадір түнін құлшылықпен өткізген жанның күнәлары кешіріледі
Токио-2020 Олимпиада эстафетасы

"Нағыз балуан!": желіде қазақстандық спортшының видеосы қызу талқыланып жатыр

775
(Жаңартылды 16:00 11.04.2021)
Татьяна Ахметова-Аманжол 2015 жылы сол аяғынан жарақат алған болатын. Жарақатына қарамастан ол Қазақстан құрамасына Токиода өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасын ұтып алды

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір - Sputnik. Қазақстандық спортшы Татьяна Ахметова-Аманжол Токио олимпиада ойындарының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды ұлттық олимпиада комитетінің сайты.

Алматыда әйелдер күресі бойынша Азия іріктеу турнирі өтті. Жартылай финал қорытындысы бойынша 53 келіге дейінгі салмақта Ахметова-Аманжол Токио ойындарына жолдама жеңіп алды.

Қазақстандық спортшының қарсыласы кореялық Хонгжу Ким болды. Татьяна қарсыласынан 11:1 есебімен басым түсті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Olympic Team (@olympickz)

"Жарақатым біраз кедергі келтіргені болмаса, жекпе-жек жақсы өтті. Мен өзіміз ойластырған жоспар бойынша әрекет еттім", - деді спортшы.

Татьяна 2015 жылы Ресейде өткен жекпе-жек кезінде сол аяғын жарақаттап алған болатын. Кейін ота жасалды. Видеода ескі жарақаты қайта сезілгені байқалады.

Оқи отырыңыз: Жапонияда жазғы Олимпиада ойындарының алау эстафетасы басталды – фото

Желі қолданушыларын спортшының күш-жігері таңдандырып, оған тезірек жазылып кетуін тіледі.  

"Осындай спортшылармен мақтанғанымыз жөн. Ерік-жігері мықты. Жарайсың! ", "Нағыз балуын", - деп жазды олар.

775
Кілт сөздер:
қазақ күресі, спорт
Тақырып бойынша
Басы дауға қалған Олимпиада чемпионы мән-жайды түсіндірді
Олимпиада уақытында өтеді, "Б" жоспары жоқ – Томас Бах
Олимпиада ойындарына дайындық кезінде спортшы найзағайдан көз жұмды
Жапонияда жазғы Олимпиада ойындарының алау эстафетасы басталды – фото
Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Рахимов уақытша шеттетілді
Екпе салдырып жатқан ер адам

Қазақстанда 313 мыңнан астам адам екпе салдырды: қай өңірлер көш бастап тұр

115
Вакцина қабылдаған адамдардың ең көбі – Алматы қаласында, ал ең азы – Маңғыстау облысында тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Бүгінге дейін Қазақстанда 313 611 адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Сондай-ақ, екпенің екінші дозасын елдің 104 889 тұрғыны салдырған.

Вакцина қабылдаған адамдардың ең көбі Алматы қаласында тіркелді (69 690 адам – бірінші дозасын, 14 328 адам – ​​екінші дозасын алды).

Одан кейінгі орында Түркістан облысы тұр (28 897 адам – бірінші, 11 569 адам – екінші дозасын салдырған). Рейтингтік көрсеткіштің содан кейінгі тізбегінде 28 341/8 606 дерегімен Нұр-Сұлтан қаласы орналасқан.

Екпе салдырғандардың ең азы – Маңғыстау облысында тіркелген. Бұл өкірдегі көрсеткіш – 6 691 және 1 072 адам.

Оқи отырыңыз: Екпе егілген қазақстандықтарда вакцинация паспорты пайда болды

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналау 1 ақпанда басталды. Екпені ең алдымен медицина қызметкерлері мен мұғалімдер және тәртіп сақшылары қабылдады. Ал сәуір айында көпшілік үшін екпе салдыру қолджетімдігілі артты.

115
Кілт сөздер:
екпе, вакцина
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Тақырып бойынша
Төрт ай бұрын коронавирусқа қарсы екпе салдырған қазақстандық сұқбат берді
Қиясов вакцина жайлы: екпе салдырғысы келетіндер өте көп
Балаларға екпе салу қашан басталады?
Коронавирусқа қарсы екпе қалай салынады – видео
Жаппай вакциналау тоқтатылады: Алматыда екпе салуға қатысты өзгеріс енгізілді
Нұр-Сұлтан

Қазақстанда 12 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 12-30 сәуірде өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

12 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде Қазақстан республикасының 2021 жылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы талқыланады. Отырыс PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00 – "Халықтан заңсыз сақтаулы қару-жарақты, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізу туралы" ішкі істер министрлігінің брифингі. Спикерлер: ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Милюк Алексей Казимирович, ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Ыдырысов Асылбек Түлкібекұлы. Брифинг тақырыбы бойынша сұрақтарды 9 сәуір сағат 18:30-ға дейін mvd_pr@mail.ru электронды поштаға немесе 8 705 440-83-65 нөміріне (WhatsApp) жолдауға болады.

11.00 – Елорданың оң жағалауындағы Елбасы кітапханасының музейінде "Адамға табын, жер, енді" халықаралық онлайн көрмесі өтеді. Көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп отыр. Сондай-ақ бұл шара Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуының 60 жылдығына және Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшуының 30 жылдығына арналған (Бейбітшілік көшесі, 11).

12.00 - Қазақстан Ғылым қызметкерлері күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Функционалдық материалдар және нанотехнологиялар", сондай-ақ "Функционалдық материалдарды кванттық-химиялық модельдеу" атты екі инновациялық білім беру-ғылыми зертханасы ашылады. Университеттің 25 жылдық мерейтойына арналған іс-шара ЖОО басшылығы мен физика-техникалық факультетінің ғалымдары және шақырылған профессорлардың қатысуымен өтеді. Өтетін орны: Қажымұқан көшесі 13, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, №3 ғимарат.

БАЙКОҢЫР

"Ғарыштағы алғашқы адамдар" мерекелік концерті. Шараға танымал музыканттар мен актерлер, симфониялық оркестр қатысады. Концерт Байқоңыр ғарыш айлағының №1 ұшу алаңындағы "Гагарин стартында" өтеді.

Концертті Ресей Федерациясының мәдениет министрлігі, Ресей Федерациясы президенті әкімшілігі және адамзаттың алғаш рет ғарышқа ұшуының 60 жылдығын атап өту бойынша ұйымдастыру комитетінің қолдауымен Бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радиотарату компаниясымен бірлесіп орыс концерт агенттігі ұйымдастырды. Жобаның көркемдік жетекшісі – ресейлік танымал музыкант Юрий Башмет.

Концерт сценографиясында заманауи айрықша технологиялық құралдар қолданылады. Салтанатты кеште әлемнің түрлі елінен келген танымал композиторлар ғарыш пен жаңа кеңістікті игеруге арналған музыкалық туындыларының таныстырылымын өткізеді.

30 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой есеп беру үшін халықпен кездеседі. Кездесуде министр ведомствоның 2020 жылғы жұмысын қорытындылайды және алдағы жоспарлар жайлы айтады, сондай-ақ азаматтардың сұрағына жауап береді. Есеп беру кездесуі министрліктің ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі. Министрге сұрақты мына электронды мекенжайға жіберуге болады: s.kopeev@dsm.gov.kz.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0