Архивтегі фото

Астролог интуициясы жақсы дамыған зодиак белгілерін атады

3249
Балықтар, Шаян және Сарышаян зодиак белгілеріне кіретін адамдарды көріпкел деп ойлайтындар көп, дейді сарапшы

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз — Sputnik. Астрология бойынша сарапшы, тарихшы Стефани Сенгве ішкі түйсігі жақсы дамыған зодиак белгілерін атады, деп хабарлады РИА Новости.   

Сарапшының айтуынша, бұл зодиак белгілеріне жататын адамдардың ішкі түйсігі (интуиция) жақсы дамығаны сонша, көбісі оларды көріпкел деп ойлайды.

Мәселен, Балықтар өте сезімтал, адамға бірдеңе болса, бірден байқайды. Ал адамның өзі оған мән бермей жүруі мүмкін. Стефани Сенгвенің айтуынша, бұл зодиак белгісін Нептун – қиял планетасы басқарады. Содан болар, Балықтар бір нәрсе болмай жатып, соны алдын ала армандап отырады.

2021 жылға жұлдыз жорамал: сиыр жылы кімдер үшін табысты болады

Шаян да адамның бойындағы өзгерістерді бірден байқап қалады. Олар кез келген ұсақ-түйекке алаңдап қалуы мүмкін. Мысалы, қолынан ұстамай жүрсе, я болмаса, кездескенде көзіне қарамай, "сәлем!" деп айтса, бірден ойланып қалады. Олар эмоциялық ойжұмбақтарды жақсы шешеді. Ал қиын жағдайда көмегін аямайды. 

Сарышаянның мінезі тұйық әрі жұмбақ болса да, ішкі түйсігі жақсы дамыған, адамды да тани алады. Олар қандай да бір проблеманы алдын ала сезеді. Сенгве Сарышаяндарды алдамауға кеңес беріп отыр. Олар бір нәрсені біліп-тануға әуес, табиғатынан жаратылысы сондай. Жасыру әрекетін байқаса, бірден күдіктеніп қалады. Ондай адамды ұнатпайды.

 

3249
Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшылары Тоқаевты құттықтап жатыр

753
Олар мемлекет басшысына зор денсаулық және бақыт тіледі, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде, деп хабарлайды Ақорда.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жеделхатында Тоқаевқа ұзақ өмір, зор денсаулық және оның аса жауапты қызметіне табыс тілеп, бауырлас Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірген. Сондай-ақ ол екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен.

"Екі ел арасындағы тату көршілікке, жақын достыққа, өзара құрметке және қолдау көрсетуге негізделген стратегиялық серіктестік ортақ саяси ерік-жігеріміздің арқасында соңғы жылдары мүлде жаңа деңгейге көтерілгені күмәнсіз. Біздің табысты байланыстарымыз бен ұзақмерзімді серіктестігіміз одан әрі дами беретініне сенімдімін", – делінген Өзбекстан басшысының жеделхатында.

Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделәзиз Әл Сауд және Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделәзиз Әл Сауд өздерінің жеделхаттарында Қазақстан президентін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, оған зор денсаулық және бақыт тілеген, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірген.

Тағы оқыңыз: Рамазан-2021: маңызды 10 сұрақтың жауабы

Сонымен қатар Қазақстан президентіне Қатар әмірі Шейх Тамим бен Хамад Әл Тәни, Иордания королі II Абдалла, Оман сұлтаны Хайсам Бен Тариқ, Кувейт әмірі Шейх Наваф әл-Ахмад әл-Джабер Әс-Сабах, Кувейттің тақ мұрагері Мишаль әл-Ахмед әл-Джабер Әс-Сабах, Бахрейн королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Марокко королі VI Мұхаммед, Египет президенті Әбдель Фаттах Әс-Сиси, Ирак президенті Бархам Салех, Палестина президенті Махмуд Аббас, Қатар шейхінің орынбасары Абдалла Бен Хамад Әл Тәни және Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Юсеф әл-Осеймин өздерінің құттықтау хаттарын жолдады.

Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні.

Пітір садақаның мөлшері жан басына 420 теңгені құрады.

753
Кілт сөздер:
Рамазан-2021, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Ақордада өткен кездесуде қырғыз президенті Тоқаевты таңғалдырды  
Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктегі ауыс-түйіс туралы айтты
Тоқаев жұмысын дұрыс атқармаған басшыны қызметінен босатуды бұйырды
Тоқаев кейбір салаларға қосымша қаражат бөлуді тапсырды
Прокуратура қызметкерінің формасы, архивтегі сурет

Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды

702
Аудандық прокуратура қызметкеріне ірі мөлшерде пара алды деген айып тағылды, тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында Байзақ ауданы прокуратурасының қызметкері пара үшін ұсталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Күдіктіні ұстауға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысындағы  департаменті де қатысқан. Прокуратура қызметкері 16 сәуірде ұсталды.

"Ол қомақты мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. Іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

702
Кілт сөздер:
прокуратура, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Мемлекетке 500 миллион теңге шығын келтірген қылмыстық топ ұсталды – видео
Петропавлда пара алып, тегін баспана ұсынған шенеунік ұсталды
Павлодарда "Жұмабектің бажасы" ұсталды – видео
Қостанайда 44 адамның атынан кредит алған алаяқ ұсталды