Қоғам

Министрлік көптеген тұрғындар үшін маңызды мәселе туралы: екі-ақ күн қалды

© Sputnik / Абзал КалиевАвтомобили на дороге на левом берегу столицы
Автомобили на дороге на левом берегу столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2021
Жазылу
"E-SalyqAzamat" мобильді қосымшасы арқылы алдағы төлемнің нақты мөлшері жіберіле бастады. 2020 жылдың салығын биыл 1 сәуірге дейін төлеу керек

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз — Sputnik. Қаржы министрлігі көлік салығын төлеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директоры Азамат Садықовтың айтуынша, бүгінде көлік салығын төлеу процесі толығымен автоматтандырылған. "E-SalyqAzamat" мобильді қосымшасы арқылы алдағы төлемнің нақты мөлшері жіберіле бастады. 2020 жылдың салығын биыл 1 сәуірге дейін төлеу керек.

"Осылайша, "E-SalyqAzamat" мобильді қосымша арқылы алдағы салықтың көлемін көруге болады. Сондай-ақ, дайын реквизиттер бар. Соған бірден салық төлеут мүмкіндігі қарастырылған. Артық ақша алынбайды", - деді Садықов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, мобильді қосымшада электронды әмиян да бар. Оған ақшаны салып қойса, салықтың мерзімі келгенде қажетті сома автоматты түрде салық органдарына аударылады.

"Ал артық ақша төленсе, мобильді қосымша арқылы оны қайтарып алуға болады. Жалпы, жыл басынан бері 400 мыңнан астам адам "E-SalyqAzamat"-тың қызметіне жүгінді", - деп атап көрсетті Садықов. 

Осы орайда комитет өкілі салықтың қалай есептелетінін де түсіндірді. Мәселен, жеңіл көліктің салығы қозғалтқыштың көлеміне қарай, жүк көліктер – жүк көтеруіне, автобустар - орындардың санына, ал мотоциклдердің салығы қозғалтқыштың қуатына қарай есептеледі. 

Айта кетейік, "E-SalyqAzamat" мобильді қосымшасын жүктеу үшін ұялы телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында (ХҚКО-да) ЖСН-ге тіркеліп тұруы қажет. Оны қауіпсіздік үшін жасаған. Бұдан бөлек, "Электронды үкімет" порталын қолдануға болады. Сондай-ақ, банк қосымшалары арқылы көлік салығын төлеуге болады. Ал қандай да бір сұрақ болса, "1414" нөміріне (сосын "4"-ті басу керек) хабарласуға болады.

Жаңалықтар
0