Қоғам

Қазақстанда бір тәулікте 21 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

© REUTERS / ADNAN ABIDIРаботник морга рядом с телом погибшего от коронавируса
Работник морга рядом с телом погибшего от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2021
Жазылу
Өткен тәулікте 1 663 адам COVID-19 және 82 адам пневмония жұқтырғаны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз — Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан 17, пневмониядан 4 науқас көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте 1 663 адам COVID-19 және 82 адам пневмония жұқтырған.

31 наурыздағы жағдай бойынша 24 642 адам коронавирустан ем қабылдап жатыр (22 841 КВИ+ және 1 801 КВИ-), олардың ішінде 8 327 пациент стационарда, 16 315 адам амбулаторлық жағдайда емделуде.

КВИ+ және КВИ- бойынша:

  • ауыр жағдайда – 353 пациент,
  • аса ауыр хәлде – 76 науқас;
  • 46 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Пандемия басталғалы 244 981 адам коронавирус жұқтырды, 3 046-сы қайтыс болды.

Өткен жылдың 1 тамызынан пневмонияның 50 525 жағдайы тіркелді, бұл дерттен 688 адам көз жұмды.

Жаңалықтар
0