Қоғам

Қазақстанда "британдық" штаммның 12 жағдайы анықталды

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуТест-системы для диагностики нового коронавируса
Тест-системы для диагностики нового коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2021
Жазылу
"Британдық" штаммның генотипі бар 4 вирус Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Ақтөбе облысында табылды

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Ұлттық сараптама орталығының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша молекулярлық-генетикалық зерттеулер зертханасы толық геномдық секвенирлеу әдісімен COVID-19-дың оң нәтижесі бар 265 үлгіні зерттеді.

Коронавирустың генетикалық сипаттамасын анықтау үшін бұл сынамалар республиканың 14 өңірінен алынды. Нуклеотидтер тізбегін талдау нәтижесінде мамандар 12 вирустан "британдық" штамм белгілерін анықтады.

"12 штаммның 8 жағдайы Шарм-эль-Шейх (Египет) және Дубай (Біріккен Араб Әмірліктері) халықаралық рейстері арқылы келген азаматтардан табылды", - делінген орталық таратқан хабарламада.

Мамандар бұл елдерде SARS-CoV-2 коронавирусының "британдық" және "оңтүстікафрикалық" штаммдарының кеңінен таралғанын айтады.

Сондай-ақ "британдық" штаммның генотипі бар 4 вирус Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Ақтөбе облысында табылды. Бұл вирус шетелден келген азаматтардан таралған болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0