Қоғам

Жайық өзенін бірге құтқару: министр Мырзағалиев ресейлік әріптесімен кездесті

© Sputnik / Александр Лыскин / Медиабанкке өтуВ верховье реки Урал, архивное фото
В верховье реки Урал, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2021
Жазылу
Мағзұм Мырзағалиев Жайық өзенін ластап, суын азайтып жатқан кәсіпорындарға тексеру жүргізу керектігін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Орынборда Қазақстан мен Ресейдің экология министрлері трансшекаралық өзендердің экожүйесін сақтап қалу бойынша бағдарламаны іске асыру барысын талқылады.

Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Ресей Федерациясының табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козлов, Орынбор облысының губернаторы Денис Паслер жиын өткізді, деп хабарлады ресейлік салалық ведомствоның баспасөз қызметі.

"Орал және Ертіс трансшекаралық өзендерінің экожүйесін қалпына келтіру және сақтап қалу бойынша ресей-қазақстандық ынтымақтастық бағдарламасы бекітілді. Құжат 2024 жылға дейін есептелген", - деді Александр Козлов.

Бұл бағдарлама бойынша ластану орындарын анықтау, су құрылыстарын жаңарту, өзендер арнасын тазарту бойынша кешенді шаралар қарастырылған.

Қазақстанның экология министрлігінің ақпараты бойынша, Мырзағалиев Жайық өзені бойынша гидрологиялық әр жылдықтармен тұрақты түрде алмасып отыру тәжірибесін енгізуді ұсынды. Сондай-ақ ол Жайықтың төменгі жағындағы экожүйені сақтау үшін сәуір-мамыр айларында Ириклин су қоймасынан жіберілетін су көлемін арттыруды ұсынды.

Бұдан бөлек, министр Батыс Қазақстан облысы ауасының трансшекаралық ластануы мәселесін де қозғады.

"Атмосфералық ауаның мониторингі Ресей Федерациясының шекаралық ауылдарында күкірттотығы көрсеткішінің артып кету жағдайын көрсетті. Жергілікті тұрғындар мен атқарушы органдардан газдың иісі бойынша жиі шағым түседі. Әсіресе, ол жел солтүстікке қарай тұрғанда қатты байқалады. Бұл өзіндік иістің көзі – Орынбордағы газ жағатын кенорындар",- деді Мағзұм Мырзағалиев. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту саласындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының бағдарламасына қол қойды. Келесі кездесуді Павлодар қаласында өткізу туралы шешім қабылдады.

Жаңалықтар
0