Медицина қызметкерлері

Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 18 адам көз жұмды

64
(Жаңартылды 10:52 01.04.2021)
Коронавирус пандемиясы басталғалы Қазақстанда 246 854 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 3 060 адам қайтыс болды

АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 18 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Бір күнде коронавирустан 14 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан 4 адам қайтыс болды.

1 сәуірдегі мәлімет бойынша, 25 156 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 8 590 пациент стационарда, 16 566 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы науқастар арасында 348 адамның жағдайы ауыр, 83 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 52 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар бір күнде 1 873 адамнан коронавирус анықталды, 93 адам пневмонияға шалдықты.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар организмдегі коронавирусты 5 минуттың ішінде өлтіретін өнімді атады

Коронавирус пандемиясы басталғалы Қазақстанда 246 854 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 3 060 адам қайтыс болды.

2020 жылдың бірінші тамызынан бастап 50 618 адам пневмонияға шалдықты, 692 адам қайтыс болды.

64
Кілт сөздер:
емделу, қайтыс болды, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2261)
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавирусқа қарсы иммунитет қанша уақыт сақталатынын анықтады
Ғалымдар қай халықтың коронавирусқа көп жылдан бері бейім екенін айтты
Ғалымдар балаларда коронавирустың жаңа белгілерін анықтады
Ғалымдар коронавирустың жаңа түрі жылдам таралып жатқанын растады
Ғалымдар коронавирусты жоятын Қазақстанда қолжетімді өсімдікті атады
Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшылары Тоқаевты құттықтап жатыр

334
Олар мемлекет басшысына зор денсаулық және бақыт тіледі, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде, деп хабарлайды Ақорда.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жеделхатында Тоқаевқа ұзақ өмір, зор денсаулық және оның аса жауапты қызметіне табыс тілеп, бауырлас Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірген. Сондай-ақ ол екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен.

"Екі ел арасындағы тату көршілікке, жақын достыққа, өзара құрметке және қолдау көрсетуге негізделген стратегиялық серіктестік ортақ саяси ерік-жігеріміздің арқасында соңғы жылдары мүлде жаңа деңгейге көтерілгені күмәнсіз. Біздің табысты байланыстарымыз бен ұзақмерзімді серіктестігіміз одан әрі дами беретініне сенімдімін", – делінген Өзбекстан басшысының жеделхатында.

Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделәзиз Әл Сауд және Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделәзиз Әл Сауд өздерінің жеделхаттарында Қазақстан президентін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, оған зор денсаулық және бақыт тілеген, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірген.

Тағы оқыңыз: Рамазан-2021: маңызды 10 сұрақтың жауабы

Сонымен қатар Қазақстан президентіне Қатар әмірі Шейх Тамим бен Хамад Әл Тәни, Иордания королі II Абдалла, Оман сұлтаны Хайсам Бен Тариқ, Кувейт әмірі Шейх Наваф әл-Ахмад әл-Джабер Әс-Сабах, Кувейттің тақ мұрагері Мишаль әл-Ахмед әл-Джабер Әс-Сабах, Бахрейн королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Марокко королі VI Мұхаммед, Египет президенті Әбдель Фаттах Әс-Сиси, Ирак президенті Бархам Салех, Палестина президенті Махмуд Аббас, Қатар шейхінің орынбасары Абдалла Бен Хамад Әл Тәни және Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Юсеф әл-Осеймин өздерінің құттықтау хаттарын жолдады.

Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні.

Пітір садақаның мөлшері жан басына 420 теңгені құрады.

334
Кілт сөздер:
Рамазан-2021, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Ақордада өткен кездесуде қырғыз президенті Тоқаевты таңғалдырды  
Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктегі ауыс-түйіс туралы айтты
Тоқаев жұмысын дұрыс атқармаған басшыны қызметінен босатуды бұйырды
Тоқаев кейбір салаларға қосымша қаражат бөлуді тапсырды
Прокуратура қызметкерінің формасы, архивтегі сурет

Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды

691
Аудандық прокуратура қызметкеріне ірі мөлшерде пара алды деген айып тағылды, тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында Байзақ ауданы прокуратурасының қызметкері пара үшін ұсталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Күдіктіні ұстауға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысындағы  департаменті де қатысқан. Прокуратура қызметкері 16 сәуірде ұсталды.

"Ол қомақты мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. Іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

691
Кілт сөздер:
прокуратура, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Мемлекетке 500 миллион теңге шығын келтірген қылмыстық топ ұсталды – видео
Петропавлда пара алып, тегін баспана ұсынған шенеунік ұсталды
Павлодарда "Жұмабектің бажасы" ұсталды – видео
Қостанайда 44 адамның атынан кредит алған алаяқ ұсталды