Хан Шатыр ОСО

Қазақстанда 1 сәуірден бастап не өзгереді

9892
(Жаңартылды 10:26 01.04.2021)
Көктемнің екінші айында қазақстандықтарды біраз өзгеріс күтіп тұр. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Қазақстанда 1 сәуірден бастап зейнетақыны есептеу әдістемесі өзгереді, оқушылар қашықтан оқиды, электр энергиясы қымбаттайды.

Нұр-Сұлтан мен Алматының оқушылары қашықтан оқиды

Екі мегаполисте індеттің қайта өршуіне байланысты мектеп оқушылары IV тоқсанда қашықтан оқиды. Елорда мен Алматының бас санитар дәрігерлері осындай шешім қабылдады.

Нұр-Сұлтанда соңғы тоқсанда тек 9, 11 (12) сынып оқушыларына ғана аралас форматта оқуға рұқсат етіліп отыр. Қалғандары үйде, онлайн білім алады.

Мектеп бітіретін 9, 11 (12) сыныптар пәндердің 70%-ін – дәстүрлі форматта, қалған 30%-ін қашықтан оқиды. Сыныпта бала саны 15 адамнан аспауы керек.

Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері де қашықтан оқытуға ауысады.

Ал Алматыда оқу жылының соңына дейін жалпы білім беретін мектептер 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін қашықтан оқытуға көшірілді. Сондай-ақ, ата-аналардың өтінішімен 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін, 9 және 11 сынып оқушыларына кезекші сыныптар ашылады. Бір сыныпта бала саны 15 адамнан аспауы тиіс. Кезекші сыныптарға созылмалы ауруы жоқ балалар қабылданады.

Қалған өңірлерде IV тоқсан қалай басталады

Коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" және "сары" аймақта тұрған өңірлерде барлық сынып аралас форматта оқиды. Сыныпта балалар санын 25-тен асырмау қажет.

Ал "қызыл" аймақта жалпы білім беретін мектептерде мектепалды даярлық, 1-5 сынып оқушылары (халықаралық мектептерде 1-7 сыныптар) аралас форматта оқиды, сыныпта оқушылар саны 25-тен аспауы тиіс. 9, 11 (12) сыныптар аптаның алты күні аралас форматта білім алады. Сыныпта 15 адамнан көп болмауы тиіс, "бір сынып-бір кабинет" қағидаты мен маска режимі және санитарлық талаптар сақталуы шарт.

Республиканың барлық өңірінде:

  • контингенті 300 оқушыға дейінгі мектептерде дәстүрлі форматқа рұқсат етіледі, сыныпта балалар саны 25-тен аспауы керек;
  • сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады.

1-сыныпқа қабылдау

Бүгін 1-сыныпқа құжат қабылдау басталады. Мектепке 6 жасқа толған және осы жылы толатын бүлдіршіндер қабылданады.

Құжаттар мектепке egov.kz порталы арқылы жіберіледі.

Ата-аналар өтініш, туу туралы куәлік көшірмесін, бала денсаулығы паспорты, денсаулық жағдайы туралы № 063/у нысанындағы анықтама және 3х4 екі фотосурет тапсырады.

Өтініш бір жұмыс күні қаралады.

Білім беру ұйымдарының тізімде жоқ құжаттарды талап етуге құқығы жоқ.

Гимназия, лицейлерді қоспағанда, барлық мектеп балаларды емтихансыз қабылдайды.

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады.

2021-2022 оқу жылында республика бойынша бірінші сыныпқа  340 мыңнан астам бала барады деп болжанып отыр.

Зейнетақы жаңаша есептеледі

1 сәуірден бастап Қазақстанда ай сайынғы зейнетақыны есептеу әдістемесі өзгереді.

Бұған дейін БЖЗҚ-дан берілетін ай сайынғы зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-інен кем болмауы тиіс еді.

Ал 1 сәуірден бастап ай сайынғы төлем жаңаша есептеледі. Жаңа әдістеме бойынша бірінші жылдағы зейнетақы жинағының жалпы сомасын 6,5% мөлшерлемесіне көбейту керек. Келесі жылдары төлем мөлшері 5%-ке индексацияланады.

Мәселен, зейнетақы жинағының жалпы сомасы 6 000 0000 теңге болды делік.

  • 1 сәуірден бастап алғашқы жылдың зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы: 6 000 000*6,5%=390 000 теңге болады.
  • Ал ай сайынғы төлем мөлшері (390 000/12 ай) 32 500 теңгені құрайды.
  • Екінші жылда оның мөлшері 5 процентке өседі де, 34 125 теңгеге дейін көтеріледі.

Жаңа әдістеме 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап БЖЗҚ-дан өз төлемін алуды бастайтын болашақ зейнеткерлерге арналған.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2021 жылдың 31 наурызына дейін зейнетақы ала бастаған азаматтар үшін бұл әдістеме 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады.

Зейнетақыны есептеу әдістемесі қалай өзгергенін толығырақ мына жерден біле аласыз.

Жәрдемақыға өтінім беру жеңілдейді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 сәуірден бастап зейнетақы мен жәрдемақыға өтінім қабылдау тәртібін кезең-кезеңмен оңайлатуды жоспарлап отыр. Нәтижесінде қазақстандықтар қайда жүргеніне қарамастан, кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында өтінім бере алады.

Электр энергиясы қымбаттайды

1 сәуірден бастап жылу электр станцияларының шекті тарифі орта есеппен 15%-ке көтеріледі. Тарифтерді көтеру жылу электр станцияларын жөндеу үшін қажет, деп түсіндірді энергетика министрлігі.

Энергия өндіретін 45 компанияның 37-сі шекті тарифті көтеруге өтініш берген.

Баға өскеннен кейін, электр энергиясын халыққа жеткізетін компаниялардың шекті тарифтері қайта қаралады.

Энергетика вице-министрі Қайрат Рахымов энергия өндіретін ұйымдардың тарифі көтерілгеннен кейін, басқа кәсіпорындардың қызмет ақысы өсуі мүмкін екенін ескертті.

Көлік салығы

1 сәуірде 2020 жылдың көлік салығын төлеу мерзімі аяқталады.

Көлік салығын мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz сайтынан, "E-SalyqAzamat" қосымшасынан, банктердің мобильді қосымшаларынан тексеруге болады.

"E-SalyqAzamat" мобильді қосымшасын жүктеу үшін ұялы телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында (ХҚКО-да) ЖСН-ге тіркеліп тұруы қажет.

Көлік салығы айлық есептік көрсеткіш негізінде есептеледі. Салық 2020 жылға төленетіндіктен, өткен жылдың айлық есептік көрсеткішін пайдалану қажет. Оның мөлшері – 2 651 теңге. Тәртіп бойынша салық қозғалтқыштың көлеміне қарай төленеді.

Көлік салығы жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша салық басқармасына төленеді. Оны қолма-қол ақшамен кез келген банк бөлімшесінде, я болмаса, төлем терминалында жасауға болады. Бұдан бөлек, банкоматтар мен мобильді қосымшалар арқылы салықты төлеуге мүмкіндік бар.

Салық уақытында төленбесе, қарызды мәжбүрлеп өндіріп алады. Барлық материал сот орындаушыларға жіберіледі. Ондайда өсімпұлды төлеуге, оған қоса, сот орындаушыларының қызметіне де ақша шығаруға тура келеді.

Вакциналау есептігіші

Қазақстанда 1 сәуірден бастап коронавирусқа қарсы вакциналау есептегіші пайда болады.

"Біз 1 сәуірден бастап вакциналау есептегішін іске қосамыз. Президент әкімшілігінің тапсырмасы бар. Өңірлер бойынша күн сайын коронавирус жұқтырғандардың статистикасына ұқсас есептегіш "ілініп тұрады". Ол біздің сайтта орналасады", - деген болатын бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Кез келген қазақстандық елге қанша вакцина түскенін және қанша адам екпе алғанын көре алады.

Қазақстанда 2021 жылдың соңына дейіін алты миллион адамды вакциналау жоспарланып отыр.

Қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу бекеті

1 сәуірде Қырғызстанда Қазақстанмен шекарада орналасқан "Қарқыра-автожол" өткізу пункті жұмысын қайта бастайды.

Ыстықкөл облысының Түп ауданындағы пункт күн сайын 08:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Пункт арқылы азаматтар, жеңіл автокөліктер мен жүк көліктері өте алады. Алайда электронды визасы бар азаматтардың өтуіне рұқсат етілмейді.

Өткізу бекеті 2020 жылдың қарашасынан бері ауа райының қолайсыздығына байланысты жабық болған еді.

9892
Кілт сөздер:
оқиғалар, сәуір
Токио-2020 Олимпиада эстафетасы

"Нағыз балуан!": желіде қазақстандық спортшының видеосы қызу талқыланып жатыр

825
(Жаңартылды 16:00 11.04.2021)
Татьяна Ахметова-Аманжол 2015 жылы сол аяғынан жарақат алған болатын. Жарақатына қарамастан ол Қазақстан құрамасына Токиода өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасын ұтып алды

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір - Sputnik. Қазақстандық спортшы Татьяна Ахметова-Аманжол Токио олимпиада ойындарының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды ұлттық олимпиада комитетінің сайты.

Алматыда әйелдер күресі бойынша Азия іріктеу турнирі өтті. Жартылай финал қорытындысы бойынша 53 келіге дейінгі салмақта Ахметова-Аманжол Токио ойындарына жолдама жеңіп алды.

Қазақстандық спортшының қарсыласы кореялық Хонгжу Ким болды. Татьяна қарсыласынан 11:1 есебімен басым түсті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Olympic Team (@olympickz)

"Жарақатым біраз кедергі келтіргені болмаса, жекпе-жек жақсы өтті. Мен өзіміз ойластырған жоспар бойынша әрекет еттім", - деді спортшы.

Татьяна 2015 жылы Ресейде өткен жекпе-жек кезінде сол аяғын жарақаттап алған болатын. Кейін ота жасалды. Видеода ескі жарақаты қайта сезілгені байқалады.

Оқи отырыңыз: Жапонияда жазғы Олимпиада ойындарының алау эстафетасы басталды – фото

Желі қолданушыларын спортшының күш-жігері таңдандырып, оған тезірек жазылып кетуін тіледі.  

"Осындай спортшылармен мақтанғанымыз жөн. Ерік-жігері мықты. Жарайсың! ", "Нағыз балуын", - деп жазды олар.

825
Кілт сөздер:
қазақ күресі, спорт
Тақырып бойынша
Басы дауға қалған Олимпиада чемпионы мән-жайды түсіндірді
Олимпиада уақытында өтеді, "Б" жоспары жоқ – Томас Бах
Олимпиада ойындарына дайындық кезінде спортшы найзағайдан көз жұмды
Жапонияда жазғы Олимпиада ойындарының алау эстафетасы басталды – фото
Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Рахимов уақытша шеттетілді
Екпе салдырып жатқан ер адам

Қазақстанда 313 мыңнан астам адам екпе салдырды: қай өңірлер көш бастап тұр

116
Вакцина қабылдаған адамдардың ең көбі – Алматы қаласында, ал ең азы – Маңғыстау облысында тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Бүгінге дейін Қазақстанда 313 611 адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Сондай-ақ, екпенің екінші дозасын елдің 104 889 тұрғыны салдырған.

Вакцина қабылдаған адамдардың ең көбі Алматы қаласында тіркелді (69 690 адам – бірінші дозасын, 14 328 адам – ​​екінші дозасын алды).

Одан кейінгі орында Түркістан облысы тұр (28 897 адам – бірінші, 11 569 адам – екінші дозасын салдырған). Рейтингтік көрсеткіштің содан кейінгі тізбегінде 28 341/8 606 дерегімен Нұр-Сұлтан қаласы орналасқан.

Екпе салдырғандардың ең азы – Маңғыстау облысында тіркелген. Бұл өкірдегі көрсеткіш – 6 691 және 1 072 адам.

Оқи отырыңыз: Екпе егілген қазақстандықтарда вакцинация паспорты пайда болды

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналау 1 ақпанда басталды. Екпені ең алдымен медицина қызметкерлері мен мұғалімдер және тәртіп сақшылары қабылдады. Ал сәуір айында көпшілік үшін екпе салдыру қолджетімдігілі артты.

116
Кілт сөздер:
екпе, вакцина
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Тақырып бойынша
Төрт ай бұрын коронавирусқа қарсы екпе салдырған қазақстандық сұқбат берді
Қиясов вакцина жайлы: екпе салдырғысы келетіндер өте көп
Балаларға екпе салу қашан басталады?
Коронавирусқа қарсы екпе қалай салынады – видео
Жаппай вакциналау тоқтатылады: Алматыда екпе салуға қатысты өзгеріс енгізілді
Нұр-Сұлтан

Қазақстанда 12 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 12-30 сәуірде өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

12 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде Қазақстан республикасының 2021 жылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы талқыланады. Отырыс PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00 – "Халықтан заңсыз сақтаулы қару-жарақты, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізу туралы" ішкі істер министрлігінің брифингі. Спикерлер: ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Милюк Алексей Казимирович, ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Ыдырысов Асылбек Түлкібекұлы. Брифинг тақырыбы бойынша сұрақтарды 9 сәуір сағат 18:30-ға дейін mvd_pr@mail.ru электронды поштаға немесе 8 705 440-83-65 нөміріне (WhatsApp) жолдауға болады.

11.00 – Елорданың оң жағалауындағы Елбасы кітапханасының музейінде "Адамға табын, жер, енді" халықаралық онлайн көрмесі өтеді. Көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп отыр. Сондай-ақ бұл шара Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуының 60 жылдығына және Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшуының 30 жылдығына арналған (Бейбітшілік көшесі, 11).

12.00 - Қазақстан Ғылым қызметкерлері күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Функционалдық материалдар және нанотехнологиялар", сондай-ақ "Функционалдық материалдарды кванттық-химиялық модельдеу" атты екі инновациялық білім беру-ғылыми зертханасы ашылады. Университеттің 25 жылдық мерейтойына арналған іс-шара ЖОО басшылығы мен физика-техникалық факультетінің ғалымдары және шақырылған профессорлардың қатысуымен өтеді. Өтетін орны: Қажымұқан көшесі 13, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, №3 ғимарат.

БАЙКОҢЫР

"Ғарыштағы алғашқы адамдар" мерекелік концерті. Шараға танымал музыканттар мен актерлер, симфониялық оркестр қатысады. Концерт Байқоңыр ғарыш айлағының №1 ұшу алаңындағы "Гагарин стартында" өтеді.

Концертті Ресей Федерациясының мәдениет министрлігі, Ресей Федерациясы президенті әкімшілігі және адамзаттың алғаш рет ғарышқа ұшуының 60 жылдығын атап өту бойынша ұйымдастыру комитетінің қолдауымен Бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радиотарату компаниясымен бірлесіп орыс концерт агенттігі ұйымдастырды. Жобаның көркемдік жетекшісі – ресейлік танымал музыкант Юрий Башмет.

Концерт сценографиясында заманауи айрықша технологиялық құралдар қолданылады. Салтанатты кеште әлемнің түрлі елінен келген танымал композиторлар ғарыш пен жаңа кеңістікті игеруге арналған музыкалық туындыларының таныстырылымын өткізеді.

30 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой есеп беру үшін халықпен кездеседі. Кездесуде министр ведомствоның 2020 жылғы жұмысын қорытындылайды және алдағы жоспарлар жайлы айтады, сондай-ақ азаматтардың сұрағына жауап береді. Есеп беру кездесуі министрліктің ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі. Министрге сұрақты мына электронды мекенжайға жіберуге болады: s.kopeev@dsm.gov.kz.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0