Көктем

Cиноптиктер сәуір айында ауа райы қандай болатынын болжады

7539
"Қазгидромет" РМК сәуір айындағы ауа райына консультативтік болжам жасады

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Синоптиктер болжауына қарағанда, сәуір айы наурызға қарағанда жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айдың бірінші онкүндігінде солтүстік өңірдегі орташа тәуліктік температура 0°C көрсетсе, үшінші онкүндікте бұл аймақтарда орташа тәуліктік температура +5 градус шамасында болады. Оңтүстік өңірлерде бірінші онкүндікте ауаның орташа тәуліктік температурасы +10°С-тан жоғарылайды.

Наурыз айымен салыстырғанда сәуірде жауын-шашын мөлшері көбейеді. Кейбір аймақтарда 15-30 мм, шығыста 50-90 мм, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарында 100-150 мм-ге дейін жауын-шашын түсуі мүмкін.

Республика өңірлерінде найзағай ойнап, елдің солтүстігінде тұман байқалады.

"Консультативтік болжамға сәйкес, сәуір айында еліміздің басым бөлігінде айдың орташа температурасы +2, +9 градусты көрсетеді. Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан облысында, Батыс Қазақстанның басым бөлігінде, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы облысы мен Қарағанды ​​облысының оңтүстік-батысында +10, +16°С болады деп болжанды", – делінген хабарламада.

Жалпы, айдың алғашқы онкүндігінде елдің басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Тек, батыс пен оңтүстік-шығыс аймақта жауын-шашын күтіледі. Онкүндіктің екінші жартысында республикада ауа-райы тұрақсызданып, соңы жауын-шашынға ұласады. Көктайғақ болып, тұман түседі.

Сондай-ақ, күндізгі және түнгі ауа температурасы жоғарылайды.

Өңірлердегі ауа райы қалай құбылады

Батыста түнде +2, +7°С дейін, күндіз +5, +15°С дейін жылы болады. 

Солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыс өңірлерде түнде -5, -15°С-тен -2, +3°С-ге дейін, ал күндіз +2, +10°С-ге дейін ауа температурасы қалыптасады.

Орталық пен шығыс аймақта +13 градусқа дейін, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде 0, -8°С-ден +2, +10°С-ге дейін, күндіз +5, +15°С-тан +10, +23°С-қа дейін көтеріледі.

Соныме қатар, Қазақстанның солтүстік жартысында түнгі ауа температурасының төмендеуі болжануда.

Айдың екінші жартысында күн райы қандай болады

Сәуірдің екінші және үшінші онкүндігінде, Иран мен Орталық Азияның жылы ауа массасының әсерінен температуралық фон жоғарылайды. Елдің солтүстігінде, орталық пен шығыс аймақта күндіз +15, +25°С дейін жылы болады. Оңтүстік облыстар мен батыста +20, +30 градусқа дейін ауа температурасы қалыптасады.

Алайда, кейбір өңірлерде ауа температурасының төмендеуі байқалуы мүмкін.

 

7539
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, Қазгидромет, сәуір
Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшылары Тоқаевты құттықтап жатыр

799
Олар мемлекет басшысына зор денсаулық және бақыт тіледі, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде, деп хабарлайды Ақорда.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жеделхатында Тоқаевқа ұзақ өмір, зор денсаулық және оның аса жауапты қызметіне табыс тілеп, бауырлас Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірген. Сондай-ақ ол екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен.

"Екі ел арасындағы тату көршілікке, жақын достыққа, өзара құрметке және қолдау көрсетуге негізделген стратегиялық серіктестік ортақ саяси ерік-жігеріміздің арқасында соңғы жылдары мүлде жаңа деңгейге көтерілгені күмәнсіз. Біздің табысты байланыстарымыз бен ұзақмерзімді серіктестігіміз одан әрі дами беретініне сенімдімін", – делінген Өзбекстан басшысының жеделхатында.

Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделәзиз Әл Сауд және Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделәзиз Әл Сауд өздерінің жеделхаттарында Қазақстан президентін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, оған зор денсаулық және бақыт тілеген, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірген.

Тағы оқыңыз: Рамазан-2021: маңызды 10 сұрақтың жауабы

Сонымен қатар Қазақстан президентіне Қатар әмірі Шейх Тамим бен Хамад Әл Тәни, Иордания королі II Абдалла, Оман сұлтаны Хайсам Бен Тариқ, Кувейт әмірі Шейх Наваф әл-Ахмад әл-Джабер Әс-Сабах, Кувейттің тақ мұрагері Мишаль әл-Ахмед әл-Джабер Әс-Сабах, Бахрейн королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Марокко королі VI Мұхаммед, Египет президенті Әбдель Фаттах Әс-Сиси, Ирак президенті Бархам Салех, Палестина президенті Махмуд Аббас, Қатар шейхінің орынбасары Абдалла Бен Хамад Әл Тәни және Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Юсеф әл-Осеймин өздерінің құттықтау хаттарын жолдады.

Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні.

Пітір садақаның мөлшері жан басына 420 теңгені құрады.

799
Кілт сөздер:
Рамазан-2021, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Ақордада өткен кездесуде қырғыз президенті Тоқаевты таңғалдырды  
Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктегі ауыс-түйіс туралы айтты
Тоқаев жұмысын дұрыс атқармаған басшыны қызметінен босатуды бұйырды
Тоқаев кейбір салаларға қосымша қаражат бөлуді тапсырды
Прокуратура қызметкерінің формасы, архивтегі сурет

Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды

705
Аудандық прокуратура қызметкеріне ірі мөлшерде пара алды деген айып тағылды, тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында Байзақ ауданы прокуратурасының қызметкері пара үшін ұсталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Күдіктіні ұстауға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысындағы  департаменті де қатысқан. Прокуратура қызметкері 16 сәуірде ұсталды.

"Ол қомақты мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. Іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

705
Кілт сөздер:
прокуратура, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Мемлекетке 500 миллион теңге шығын келтірген қылмыстық топ ұсталды – видео
Петропавлда пара алып, тегін баспана ұсынған шенеунік ұсталды
Павлодарда "Жұмабектің бажасы" ұсталды – видео
Қостанайда 44 адамның атынан кредит алған алаяқ ұсталды