Қоғам

Қазақстанда кейбір ЖОО-ның студенттері диплом ала алмай қалуы мүмкін

© Photo : zko.sud.kzДиплом
Диплом - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2021
Жазылу
Көбенованың айтуынша, жоғары оқу орындарында оқуын жалғастырып жатқан студенттер бұл жағдайдан сабақ алмаған

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі үш жоғары оқу орнының аккредитациялық куәліктің кері қайтарылғанын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (НААР/IAAR) мен Аккредиттеудің тәуелсіз қазақстандық орталығы – Орталық Азия университеті мен Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті (бұрынғы Қазақстан теңіз университеті) және "Астана" университетінің аккредиттеу туралы куәліктерін кері қайтарып алды", – делінген ресми хабарламада.

Ендігі жерде "Білім туралы" заңға сәйкес, лицензиясыз және аккредитациясыз жоғары оқу орындары диплом бере алмайды.

Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенованың айтуынша, дәл осы үш жоғары оқу орны тексеру жұмыстарын жүргізуге кедергі жасаған. Ал бұған дейін жүргізілген тексерулер кезінде аталған оқу орындарында бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.

"Аккредитациялары бойынша да проблемалар шықты. Өткен жылы түлектер дипломдарын уақытылы ала алмай қиналған еді. Салдарынан магистратураға оқуға түсу немесе жұмысқа тұруға байланысты қиындықтарға тап болды. Өкінішке орай, жоғары оқу орындарында оқуын жалғастырып жатқан студенттер бұл жағдайдан сабақ алмады. Биыл да кадрларды дайындау сапасына қатысты сол мәселелер көтеріліп жатыр", – дейді Көбенова.

Оқи отырыңыз: Тынышбаев академиясы білім министрлігі заңға қайшы әрекет еткенін мәлімдеді

Оның сөзіне қарағанда, оқу орындары бұған дейін жүргізген тексерулердің нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылдауға кедергі келтіріп, түрлі амалдарымен уақытты созып жатыр.

Жаңалықтар
0