Қоғам

Алматыда ірі сауда орталықтарында вакцина салу басталатыны рас па  

© AFP 2024 / VYACHESLAV OSELEDKOСотрудник охраны ТРЦ измеряет температуру у посетителей
Сотрудник охраны ТРЦ измеряет температуру у посетителей  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2021
Жазылу
Президент денсаулық сақтау министріне Алматыға ай сайын 250 мың доза  вакцина жіберу туралы тапсырма берген

АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ертең сауда ойын-сауық орталықтарында вакциналау жұмысы басталатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін қалада Grand Park сауда орталығында 3 сәуірден бастап вакцина салынатыны туралы ақпарат тарады.

Сағынтаев бұл мәліметті жоққа шығарды.

"Сауда ойын-сауық орталықтарына вакцина әлі жеткізілген жоқ. Бұл бойынша жұмыс жүріп жатыр, арнайы үстелдер мен орындықтар қою қажет. Құрылыс компаниялары осы бағыттағы жұмыстарға көмектеседі, бөлек бокстар жасайды. Әзірге кеше жеткізілген 21 мың вакцина дозасын медицина қызметкерлері, полицейлер мен мұғалімдерге салынады", - деді қала әкімі брифингте.

Сағынтаевтың сөзінше, вакцина саны көбейтілген кезде екпе егілетін адамдар тізімі де кеңейтіледі.

Қала әкімі енді Алматыға ай сайын 250 мың доза вакцина түсетінін айтты.  Қазірдің өзінде бір күнде 21 750 доза жеткізіліп, емханаларға жіберіліп жатыр.

"Қала емханаларында жұмыс басталды. Бастапқыда бізге 65 мың доза бөлінді. Кейін премьер-министрмен сөйлескен кезде Алматыға кемі 100 мың вакцина дозасы қажет екенін айттым. Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткізген кеңестен кейін денсаулық сақтау министріне Алматыға айына 250 мың дозадан жіберу туралы тапсырма берді", - деді Сағынтаев.

Айтуынша, бұл көрсеткіш ұжымдық иммунитетті тез қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Брифинг кезінде Алматы тұрғындарының 65%-інде ұжымдық иммунитет қалыптасуы үшін 900 мың доза қажет екенін айтты.

Сонымен қатар, сәуірде 250 егу кабинетін ашу бойынша дайындық жүріп жатыр. Соның арасында ірі сауда орталықтарында вакцина салынады. Ал қалаға айына 250 мың доза жеткізілетін болса, күніне 8-9 мың адамға вакцина егіледі.

Жаңалықтар
0