Қоғам

"Ковидтен қайтыс болғандардың денесін" көлікке тиегендер елді дүрліктірді – видео

© Photo : СС0 / Alexander Grishin КамАЗ
КамАЗ - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2021
Жазылу
Видеоның түпнұсқасы қоюшы суретші Василий Ивановтың TikTok аккаунтынан алынған. Ролик осы жылдың 30 наурызында жарияланған

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Әлеуметтік желіде қара пакеттермен оралған адамдардың денесін тиеген жүк көлігінің видеосы талқылап жатыр.   

 

​Роликтен мәйітке арналған ондаған қапты көруге болады. "Мәйіттердің" бірі темекі тартып жатыр, ал екі адам қара пакеттерді түзетіп жүр.

Қазнет қолданушыларының айтуынша, адамдарды қорқыту үшін COVID-19 пандемиясының құрбандары туралы роликтерді осылай түсіреді. Бұл пікір шындыққа жанаспайды, деп жазды StopFake.kz.

"Видеоның түпнұсқасы қоюшы суретші Василий Ивановтың TikTok аккаунтынан алынған. Ролик осы жылдың 30 наурызында жарияланған және онда Хаскидің "Никогда-нибудь" клипінің түсірілімі" деп жазылған", - делінген сайттың хабарламасында.

Рэпер Хаскидің "Никогда-нибудь" әніне түсірілген музыкалық видеода мәйіттерге толы КамАЗ көрсетілгені рас, бұл осы таратылған роликтегі көлік.  Демек видеороликтің COVID-19 пандемиясына ешқандай қатысы жоқ.

 

Жаңалықтар
0