Қоғам

Алматыда жүргізушінің қолын жолаушы әйел тістеп алды – видео

© Sputnik / Абзал КалиевЖүргізуші
Жүргізуші - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2021
Жазылу
Зардап шеккен азаматтың айтуынша, жолаушы әйел өз әрекетінің себебін түсіндірмей, автобустан түсіп, қашып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Алматыда қаласындағы қоғамдық көлікте оқыс оқиға болды. №54 автобустың жүргізушісі жолаушыдан маска киюді өтінгенде, әйел оның қолынан тістеп, қашып кеткен.

Видеода автобус жүргізушісі тістелген қолын көрсетіп, оқиғаның қалай болғанын баяндайды. 

Ал бұл деректі Алматы қаласының мобильдік басқармасы растады.

"Жолаушы әйел жүргізушінің қолын тістеп, қашып кетті. Дегенмен, ол полицияға шағымданбайтынын айтты", – деді басқарманың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қаладағы қоғамдық көліктерде жолаушылардың маска киюден бас тартатын жағдайлар аз кездеспейді.

Сондай-ақ, наурыз айының соңында Алматыда қоғамдық көліктерде бетпердесі жоқ жолаушыларға айыппұл салынады деген ақпарат тараған болатын.

Жаңалықтар
0