Қоғам

Қазақстанның Қызыл кітабына жануарлардың тағы үш түрі кірді

© Photo : СС0 / Michael SiebertЛеопард
Леопард - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2021
Жазылу
Қазақстанның Қызыл кітабына өсімдіктердің 400-ге жуық түрі мен омыртқалы жануарлардың 133 түрі енген

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстанның Қызыл кітабына жолбарыс, Оңтүстік - Батыс Азия қабыланы және керқұлан (Пржевальский жылқысы) кіргенін хабарлады.

"Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін бекіту туралы" үкімет қаулысына толықтырулар енгізілді.

Оқи отырыңыз: Басшы кабинетіндегі аң-құстың терісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды 

Айта кетейік, Алдыңғы Азия қабыланы популяциясының әлемдегі жалпы саны 870 -1, 3 мың басты құрайды, Қазақстанда тек Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында ғана кездеседі.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Экология, геология және табиғи ресурстары министрлігі Балқаш маңындағы жолбарыстарды қалпына келтірудің 15 жылға арналған бағдарламасын жасады. Ол аңның мекен ету ортасын дайындау, жолбарысты табиғатқа жіберу және бағдарламаның жүзеге асуын бақылау шараларын қамтиды.

Пржевальский жылқысы жабайы жылқылардың кіші түрлеріне жатады, жылқы отбасының сирек кездесетін өкілдерінің бірі, елде шамамен 10 шақты данасы бар.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстанның Қызыл кітабына өсімдіктердің 400-ге жуық түрі мен омыртқалы жануарлардың 133 түрі енген.

Жаңалықтар
0